Өңірлер

Облыс орталықтарының бірінде супермаркетте қант сатуға шектеу енгізілді

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуҚант
Қант - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Жазылу
Қаңтар айының соңынан бастап облыста бір айға қанттың шекті бағасы белгіленді - бір келі үшін 289 теңге. Бірақ сауда желілеріне бастапқыда белгіленген көлем жетпеді
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Қостанайдың супермаркеттерінде бір адамға үш келіден артық қант сатылмайды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Сауда желілері тұрақтандыру қорынан қант көлемін бекітілген бағамен алды. Сондықтан бұл өнімді сатуға шектеу енгізіліп отыр. Қаңтар айының соңынан бастап облыста қанттың шекті бағасы белгіленді. Бөлшек саудада - бір келісі үшін 289 теңгеден. Баға бір айға тіркелді. Алайда бастапқыда берілген көлем супермаркеттерге жеткіліксіз болып қалды.
"Тұрақтандыру қорынан 10 тонна қант сатып алдық. Күніне шамамен 300-400 келі қант сатылады. Адамдар дүрлігіп жатқан жоқ. Әрине, қант сату шектелді. Біз сатып алушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Олар түсіністікпен қарайды", - деді супермаркеттердің бірінің директорының орынбасары Гүлнар Юсупова.
Қала әкімдігінде өнім ірі сауда нысандары берген өтініміне сәйкес жеткізіледі деп сендіреді.
"Тобыл" ӘКК тұрақтандыру қорымен жұмыс жөніндегі департамент директоры Мадина Махмутованың айтуынша, өңірде қанттың бекітілген бағасы ақпан айының соңында алынып тасталады.
Содан кейін өсім болжанып отыр.
"Шекті баға 26 ақпанға дейін белгіленді. 18 ақпанда біз тағы 30 тонна қант жібердік. Бұл көлем осы апта бойы сатуға жеткілікті. Қосымша сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы аптаның соңына дейін екі вагон қант түседі деп жоспарланып отыр", - деді ол.
Қазірдің өзінде операторлар қанттың сатып алу бағасы өсіп, бір келісіне 316 теңгеге жеткенін айтады. Бөлшек саудада бағасы қандай болатыны әлі белгісіз.
Сахар - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Денсаулық
Қанттың күнделікті нормасы қандай – дәрігер жауабы
Жаңалықтар
0