Денсаулық

Қанттың күнделікті нормасы қандай – дәрігер жауабы

© Photo : СС0 / Myriams-FotosСахар
Сахар - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Көп жағдайда адамдар өнім құрамындағы қантты ескермейді. Мәселен, кетчуп, дайын таңғы асқа да қант қосылады

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Ресейлік эндокринолог-диетолог Татьяна Бочарова денсаулыққа зиян келтірмейтін тәттілер мен қанттың күнделікті нормасы туралы айтып берді.

"Қант таза күйінде ғана емес, сан алуан өнім құрамында болады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ересек адамның күнделікті нормасы 25-50 грамм қант деп отыр. Оған шайға салатын құмшекер ғана емес, кез келген десерт пен құрамында қанты бар өнімдер де кіреді. Олар – кетчуп, консервіленген көкөніс, мюсли, дайын таңғы ас, майсыздандырылған сүт өнімдері", - деді Бочарова РИА Новости сайтына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, 25 грамм, шамамен, 5-6 қасық қантқа тең. Ал адам шайға екі-үш қасық қант салса, күнделікті нормасы бұзылады. Себебі шайдан бөлек сүт шоколоды, газдандырылған сусын немесе банан сияқты басқа да тәтті тағамды жеп жүре береді.

"Тәттіні көп жейтін болсаңыз, ондай өнімдердің жалпы калориясы күнделікті рационның 10 процентінен аспауға тиіс. Әйтпесе, артық салмақ пен екінші типтегі диабет қаупі туындайды", - деп атап көрсетті диетолог.

Дәрігер балалардың күнделікті нормасына да тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, 10 жасқа дейінгі балаға күніне үш қасық қант қана жеуге болады. Ал үш жасқа дейін оны тек жеміс-жидек, кептірілген жеміс пен көкөністен ғана алу қажет.

Айта кетері, бұған дейін профессор Алла Погожева адам ағзасына қанттың белгілі бір мөлшері қажет екенін айтқан. Себебі оның құрамында глюкоза бар. Ал глюкоза жетіспей жатса, гипогликемия болады. Ондайда адамның көзі қарауытып, әлсіздік сезінеді. Тәтті шай глюкозаны көтеруге көмектеседі.

Жаңалықтар
0