https://sputnik.kz/20220222/mobildi-audarym-bankter-salyq-22985818.html
Азаматтардың мобильді аударымы: банктер салық органдарына қашан ақпарат бере бастайды
Азаматтардың мобильді аударымы: банктер салық органдарына қашан ақпарат бере бастайды
Sputnik Қазақстан
2025 жылға дейін табысы туралы салық органдарына ақпарат берілетін адамдар тізімі кеңейеді 22.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-22T10:24+0500
2022-02-22T10:24+0500
2022-02-22T10:25+0500
экономика
банк
салық
https://sputnik.kz/img/1202/50/12025034_0:0:3639:2047_1920x0_80_0_0_b156a0f96e996372629357c7653ba8e8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Банктер ақша аударымдары туралы мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдарына беретін болады. 2025 жылға дейін табысы туралы салық органдарына ақпарат берілетін адамдар тізімі кеңейеді деп жоспарланып отыр.Салық кодексі аясында 2025 жылға дейін екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік кіріс органдарына жеке тұлғалардың мынадай санаттары бойынша кезең-кезеңмен ақпарат береді:1-кезең.2-кезең.3-кезең.4-кезең.Қандай аударымдарға салық салынадыЖеке тұлғаның банктік шотына 3 күнтізбелік ай қатарынан әр түрлі 100 және одан көп адамнан ақша түссе, салық салынады. Өйткені бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгісі болып саналады.
https://sputnik.kz/20220218/qanday-mobildi-audarymdar-kuman-tugyzady-22902768.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1202/50/12025034_178:0:2907:2047_1920x0_80_0_0_b7f005d36370aaef8495683d24907d65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мобильді аударым мобильные переводы салық налоговая декларация
мобильді аударым мобильные переводы салық налоговая декларация
Азаматтардың мобильді аударымы: банктер салық органдарына қашан ақпарат бере бастайды
10:24 22.02.2022 (жаңартылды: 10:25 22.02.2022) 2025 жылға дейін табысы туралы салық органдарына ақпарат берілетін адамдар тізімі кеңейеді
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Банктер ақша аударымдары туралы мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдарына беретін болады. 2025 жылға дейін табысы туралы салық органдарына ақпарат берілетін адамдар тізімі кеңейеді деп жоспарланып отыр.
"2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендер және олардың жұбайы бойынша ақпарат беріледі", - делінген мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратында.
Салық кодексі аясында 2025 жылға дейін екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік кіріс органдарына жеке тұлғалардың мынадай санаттары бойынша кезең-кезеңмен ақпарат береді:
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендер және олардың жұбайы бойынша ақпарат беріледі.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайы бойынша ақпарат беріледі.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайы, жеке кәсіпкерлер (ИП) және олардың жұбайы
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған барлық санаты бойынша ақпарат беріледі.
Қандай аударымдарға салық салынады
Жеке тұлғаның банктік шотына 3 күнтізбелік ай қатарынан әр түрлі 100 және одан көп адамнан ақша түссе, салық салынады. Өйткені бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгісі болып саналады.