Қоғам

"Дамыту керек": министр елдегі туризмге баға берді

© Sputnik / Тимур Батыршинкөлсай
көлсай - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Жазылу
Абаев инфрақұрылым мен сервисті ел бойынша дамыту қажет екеніне баса назар аударды
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Мәдениет, спорт және туризм министрі Дәурен Абаев отандық туризмге баға берді.
Министрліктің алқа мәжілісі кезінде ведомство экономикадағы туризмнің үлесі 3 процент екені жөнінде деректер келтіріп, оны 8 процентке жеткізу мақсаты тұрғынан айтты.
"Қазір елдегі туризм деңгейіне бес баллдың үшеуін беруге болады. Бізде баруға болатын тамаша жерлер бар. Негізі бізде көп нәрсе бар, алайда инфрақұрылым мен сервисті дамытып, деңгейді бес баллға жеткізу керек", - деді ол.
Дәурен Абаев инфрақұрылым мен сервисті ел бойынша дамыту қажет екеніне баса назар аударды.
Бұған дейін белгілі велосаяхатшы елдегі сервис мәселесін көтеріп, "бізде ештеңе жоқ" деген болатын. Алқа мәжілісінде министр мен саяхатшы осы мәселеге қатысты дауласып қала жаздады.
Жаңалықтар
0