https://sputnik.kz/20220222/velosayakhatshy-ministr-dau-video-23002299.html
"Бізде ештеңе жоқ!": велосаяхатшы мен министр дауласып қала жаздады – видео
"Бізде ештеңе жоқ!": велосаяхатшы мен министр дауласып қала жаздады – видео
Sputnik Қазақстан
Қазақстанды велосипедпен шарлап шыққан саяхатшы елде сервис мәселесі ақсап тұрғанын айтты 22.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-22T15:49+0500
2022-02-22T15:49+0500
2022-02-22T16:12+0500
қоғам
туризм
сервис
дәурен абаев
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071404_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_5e70436b2e15cb78552ae2c0138a0e96.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісінде танымал қазақстандық велосаяхатшы Дамир Күшеев министрмен дауласып қала жазды. Жиынға үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов та қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Алқа мәжілісінің соңында министрдің сөйлейтін кезегі келіп қалды. Бірақ модератор бір-екі минут сұрап, қазақстандық велосаяхатшы Дамир Күшеевті тыңдауға ұсыныс жасады. Ешкім қарсы болған жоқ. Күшеев Қазақстанды жаяу және велосипедпен жүріп өткенін айта келе, көкейінде жүрген мәселелерді жайып салды. "Құрметті министрлер мен вице-министрлер, Қазақтанда сервис мүлде жоқ. Сіздер не айтсаңдар да, халыққа қандай статистика көрсетсеңіз де, ондай сервис жоқ. Мен өз аяғыммен 1200 шақырымды жүріп өттім. Неге бәріміз Түркияға барамыз? Өйткені ол жақта сервис бар. Неге Кореяға барып, емделеміз және демаламыз? Себебі ол жерде жақсы сервис бар. Бізде жоқ. Кешіріңіз, бірақ бұл - шындық", - деді Күшеев. Оның ойынша, 30 жылдың ішінде үкімет Алматы-Нұр-Сұлтан тас жолын жөнге келтіре алмады. "ЭКСПО-ны өткіздіңіздер, ал бір тасжолды бітіре алмай отырсыздар. Өз жерімізде демалайық дейсіздер, бірақ өз жерімізде қалай демаламыз? Мысалы, мен 2021 жылдың қазан-қараша айларында велосипедпен "Алматы-Өскемен-Нұр-Сұлтан-Қостанай" бағытымен бес облысты аралап шықтым. 2 700 шақырым жүріп өттім. Жол жоқ, жол бойындағы сервис жоқ. Қарапайым дәретхана жоқ. ҚазАвтоЖол автобан жасайды. Бірақ министрлікпен байланыс жасап, туристерге не керек, соның бәрін сұрамай ма?", - деп атап көрсетті Күшеев. Осы орайда ол шетелдік бір велосаяхатшының сөзін еске алды. 2019 жылы Бішкектен шығып, Францияға барған. 6 600 шақырымды артқа тастады. Сол кезде видеошолуларын да жариялады. "Ол кісі "Қазақстанға ешқашан кірмеңіздер" деп айтты. Өйткені мұнда ештеңе жоқ. Ол Еуропаны аралап, Беларусьті мақтады, барлығы бар дейді. Барлығы "Риксосты" айтады. Бізде әрбір екінші адам "Риксоста" деп алып жүр ме? Неге жолдың бойындағы сервис туралы айтпаймыз, сонымен салыстырмаймыз", - дейді Күшеев. Велошабандоз "Болашақ" бағдарламасымен оқып келген осы саладағы басшыларды да сынға алды. Оның ойынша, олар қазынаның ақшасына ғана ұшып жүреді. Ал, шын мәнінде, өз көлігімен елді аралап, нақты жағдайды көрмеген. Осы кезде мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев оны тоқтатып, сабырға шақырды. "Дамир, сіз қазір эмоцияға беріліп тұрсыз...", - деді Абаев. "Әрине, ондайда эмоцияға берілмеу мүмкін емес", - деп жауап берді велосаяхатшы. Абаев Қазақстан территория жағынан әлем бойынша 9-шы орында тұрғанын, сол себепті жол салу оңай емес екенін айтып еді, Дамир "Жо-жо-жоқ!" деп қарлысық білдірді. "Кешіріңіз, әңгімемізді пікірталасқа айналдырмай-ақ қояйық. Мен қазір сөз сөйлеймін. Егер сізде "Жоқ!" деген сөзден басқа нақты ұсыныстар болса, қағазға жазып, алып келіңіз", - деді министр Абаев. Дамир өз ұсыныстарын жазып келетінін айтты. Ал министр мінберге шықты. Бірақ дайындап қойған баяндамасын оқыған жоқ. "Бұл жас жігіт бәрімізді "оятып" жіберді. Мына жерде, шынымен, тәтті бір рақатқа батып отыр едік. Бәлкім, шынында, Дамир дұрыс айтып отыр. Бірақ мен өзім жай микрофонды алып, "Жоқ-жоқ-жоқ!" дегенді қаламаймын. Олай болмайды, Дамир...", - дей бергенде велосаяхатшы "болады-болады" деп жауап берді. "Былай істейік, біз сізді тыңдадық...Атқарылып жатқан жұмыс бар, салынып жатыр, өзгеріп жатыр. Мысалы, дәл қазір Sheraton қонақ үйінде отырмыз. Осының өзі бір нәрсенің істелініп жатқанын көрсетсе керек. Сондықтан мен дәлелсіз, дарылдақ сөздерді ұнатпаймын. Нақты ұсыныстар болса, беріңіздер", - деп атап көрсетті Абаев. Алқа мәжілісіне қатысқан вице-премьер ештеңе айтқан жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071404_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_312eeb6818e997e9b709e1544ea5219b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туризм, сервис, дәурен абаев
туризм, сервис, дәурен абаев
"Бізде ештеңе жоқ!": велосаяхатшы мен министр дауласып қала жаздады – видео
15:49 22.02.2022 (жаңартылды: 16:12 22.02.2022) Қазақстанды велосипедпен шарлап шыққан саяхатшы елде сервис мәселесі ақсап тұрғанын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісінде танымал қазақстандық велосаяхатшы Дамир Күшеев министрмен дауласып қала жазды. Жиынға үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов та қатысты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алқа мәжілісінің соңында министрдің сөйлейтін кезегі келіп қалды. Бірақ модератор бір-екі минут сұрап, қазақстандық велосаяхатшы Дамир Күшеевті тыңдауға ұсыныс жасады. Ешкім қарсы болған жоқ. Күшеев Қазақстанды жаяу және велосипедпен жүріп өткенін айта келе, көкейінде жүрген мәселелерді жайып салды.
"Құрметті министрлер мен вице-министрлер, Қазақтанда сервис мүлде жоқ. Сіздер не айтсаңдар да, халыққа қандай статистика көрсетсеңіз де, ондай сервис жоқ. Мен өз аяғыммен 1200 шақырымды жүріп өттім. Неге бәріміз Түркияға барамыз? Өйткені ол жақта сервис бар. Неге Кореяға барып, емделеміз және демаламыз? Себебі ол жерде жақсы сервис бар. Бізде жоқ. Кешіріңіз, бірақ бұл - шындық", - деді Күшеев.
Оның ойынша, 30 жылдың ішінде үкімет Алматы-Нұр-Сұлтан тас жолын жөнге келтіре алмады.
"ЭКСПО-ны өткіздіңіздер, ал бір тасжолды бітіре алмай отырсыздар. Өз жерімізде демалайық дейсіздер, бірақ өз жерімізде қалай демаламыз? Мысалы, мен 2021 жылдың қазан-қараша айларында велосипедпен "Алматы-Өскемен-Нұр-Сұлтан-Қостанай" бағытымен бес облысты аралап шықтым. 2 700 шақырым жүріп өттім. Жол жоқ, жол бойындағы сервис жоқ. Қарапайым дәретхана жоқ. ҚазАвтоЖол автобан жасайды. Бірақ министрлікпен байланыс жасап, туристерге не керек, соның бәрін сұрамай ма?", - деп атап көрсетті Күшеев.
Осы орайда ол шетелдік бір велосаяхатшының сөзін еске алды. 2019 жылы Бішкектен шығып, Францияға барған. 6 600 шақырымды артқа тастады. Сол кезде видеошолуларын да жариялады.
"Ол кісі "Қазақстанға ешқашан кірмеңіздер" деп айтты. Өйткені мұнда ештеңе жоқ. Ол Еуропаны аралап, Беларусьті мақтады, барлығы бар дейді. Барлығы "Риксосты" айтады. Бізде әрбір екінші адам "Риксоста" деп алып жүр ме? Неге жолдың бойындағы сервис туралы айтпаймыз, сонымен салыстырмаймыз", - дейді Күшеев.
Велошабандоз "Болашақ" бағдарламасымен оқып келген осы саладағы басшыларды да сынға алды. Оның ойынша, олар қазынаның ақшасына ғана ұшып жүреді. Ал, шын мәнінде, өз көлігімен елді аралап, нақты жағдайды көрмеген.
Осы кезде мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев оны тоқтатып, сабырға шақырды.
"Дамир, сіз қазір эмоцияға беріліп тұрсыз...", - деді Абаев.
"Әрине, ондайда эмоцияға берілмеу мүмкін емес", - деп жауап берді велосаяхатшы.
Абаев Қазақстан территория жағынан әлем бойынша 9-шы орында тұрғанын, сол себепті жол салу оңай емес екенін айтып еді, Дамир "Жо-жо-жоқ!" деп қарлысық білдірді.
"Кешіріңіз, әңгімемізді пікірталасқа айналдырмай-ақ қояйық. Мен қазір сөз сөйлеймін. Егер сізде "Жоқ!" деген сөзден басқа нақты ұсыныстар болса, қағазға жазып, алып келіңіз", - деді министр Абаев.
Дамир өз ұсыныстарын жазып келетінін айтты. Ал министр мінберге шықты. Бірақ дайындап қойған баяндамасын оқыған жоқ.
"Бұл жас жігіт бәрімізді "оятып" жіберді. Мына жерде, шынымен, тәтті бір рақатқа батып отыр едік. Бәлкім, шынында, Дамир дұрыс айтып отыр. Бірақ мен өзім жай микрофонды алып, "Жоқ-жоқ-жоқ!" дегенді қаламаймын. Олай болмайды, Дамир...", - дей бергенде велосаяхатшы "болады-болады" деп жауап берді.
"Былай істейік, біз сізді тыңдадық...Атқарылып жатқан жұмыс бар, салынып жатыр, өзгеріп жатыр. Мысалы, дәл қазір Sheraton қонақ үйінде отырмыз. Осының өзі бір нәрсенің істелініп жатқанын көрсетсе керек. Сондықтан мен дәлелсіз, дарылдақ сөздерді ұнатпаймын. Нақты ұсыныстар болса, беріңіздер", - деп атап көрсетті Абаев.
Алқа мәжілісіне қатысқан вице-премьер ештеңе айтқан жоқ.