Көктемгі су тасқыны: Смайылов бірқатар тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневПервый вице-премьер - министр финансов Алихан Смаилов
Первый вице-премьер - министр финансов Алихан Смаилов - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Жазылу
Үкімет басшысы ұзақ уақыттан бері су тасқынына қарсы жүйелі шаралар қабылданбай келгенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов көктемгі су тасқынының алдын алу үшін министрлер мен әкімдерге бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Наурыз айы қалыпты нормадан жылы болады деген болжам бар. Демек, қардың күрт еруінен бірқатар өңірдегі жағдай қиындап кетуі мүмкін. Кейбір аймақтардағы жағдай жыл сайын қайталанады. Бұл бірінші кезекте төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті билік арасындағы жауапкершілікті бір-біріне сілтеу мәселесіне қатысты болып отыр", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Премьер су тасқынының алдын алу және одан келетін шығындарды азайту әкімдіктердің жүйелі жұмысына тікелей байланысты екенін атап өтті.
Әкімдіктер күнделікті қар шығару, арықтарды тазалау, уақытша бөгеттер салу жұмыстарын уақытылы жүргізуге тиіс. Төтенше жағдайларға жергілікті бюджеттерде жеткілікті қаражат қарастыру керек. Су тасқынын алдын алуға қатысты барлық мәселені әкімдер қатаң бақылауда ұстауы керек, деп атап өтті үкімет басшысы.
"Қазір су тасқынына қарсы жұмыстар жүріп жатыр, бірақ ұзақ уақыттан бері жүйелі шаралар қабылданбай келді, мұны мойындау қажет. Соның ішінде гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мәселелері әлі шешімін таппай отыр. Қараусыз қалған бөгеттер мен су қоймаларының иелерін анықтау жұмысы аяқталған жоқ", - деді премьер.
Осыған байланысты Смайылов әкімдер мен министрлерге тапсырма берді.
Атап айтқанда, экология министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, гидротехникалық құрылыстарды шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қараусыз қалған гидротехникалық нысандарды анықтап, оларды коммуналдық меншікке беруді аяқтау қажет.
Сонымен қатар су қоймаларының қауіпсіз көлемін белгілеп, оларды толтыруды тұрақты бақылауға алған жөн. Қажет болса алдын ала қауіп болмайтындай, суды жіберіп отыру қажет. Қазгидромет мемлекеттік органдарға ауа райы болжамын уақтылы беріп тұруға тиіс.
Бұдан бөлек, индустрия министрлігі мен әкімдіктерге су тасығанда жолдардың, көпірлер мен бөгеттердің дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Трансшекаралық өзендердегі жағдай туралы көршілес мемлекеттермен өзара мәлімет алмасу, өңірлерде жедел штабтар құру, тасқын қаупі туындаса, халықты уақытылы хабардар ету тапсырылды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Қазақстанның қай өңірлеріне су тасқыны қаупі төніп тұр
Жаңалықтар
0