Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды – министр

© Sputnik / Тимур БатыршинАурухана, архивтегі фото
Аурухана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Жазылу
Соңғы аптада аурудың орташа тәуліктік өсімі тәулігіне 1200 жағдайға дейін төмендеді
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният эпидемиологиялық жағдайға тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Соңғы аптада аурудың орташа тәуліктік өсімі тәулігіне 1200 жағдайға дейін төмендеді. Бұл инфекцияның таралу коэффициентіне де әсер етті", - деді Ғиният үкімет отырысында.
Айтуынша, соңғы айда коронавирус жұқтырғандардың орташа тәуліктік саны 34 есе азайды. Стационарларда емделіп жатқан науқастар саны 2,3 есе, амбулаторияда емделушілер саны 5 есе азайды.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстан "жасыл" аймақта тұр.
Екі өңір – Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта орналасқан.
Екі өңір – Қостанай мен Павлодар облыстары "сары" аймақта. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.
Оқи отырыңыз: COVID-ке қарсы ұжымдық иммунитет 53 процентке жетті – бас санитар дәрігер
Жаңалықтар
0