https://sputnik.kz/20220221/qazaqstan-uzhymdyq-immunitet-22966526.html
COVID-ке қарсы ұжымдық иммунитет 53 процентке жетті – бас санитар дәрігер
COVID-ке қарсы ұжымдық иммунитет 53 процентке жетті – бас санитар дәрігер
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жылдың аяғына дейін ұжымдық иммунитетті 40 процентке дейін жеткізу керектігін мәлімдеген 21.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-21T16:03+0500
2022-02-21T16:03+0500
2022-02-21T16:22+0500
денсаулық
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861644_127:0:3768:2048_1920x0_80_0_0_d271282ca1517c90c60e7135282d250c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстанда халықтың коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитеті 53 процентке жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 10 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды.Осы орайда бас санитарлық дәрігер ревакцинацияның маңыздылығын да ерекше атап өтті. Соның арқасында ұжымдық иммунитетті тиісті деңгейге көтеріп қана қоймай, оны ұстап тұруға болады.Айта кетері, Қазақстандағы ревакцинация былтыр қараша айында басталған болатын. Осы уақытқа дейін 2 миллион 400 мың адам немесе вакциналауға жататын халықтың 52 проценті қайта екпе салдырды. Бұрынғы екпенің күші әлсіреген сайын ревакцинация жасауға тиіс адамдар саны артады. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жылдың аяғына дейін ұжымдық иммунитетті 40 процентке дейін жеткізу керектігін мәлімдеген. Ал келесі жылдың ортасына дейін халықтың 70 процентінде иммунитет болуы қажет.
https://sputnik.kz/20200918/Immunitet-darumender-14992752.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861644_582:0:3313:2048_1920x0_80_0_0_c2fe2fbb41167f7247f5133e9d680eb5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұжымдық иммунитет коллективный иммунитет айжан есмағамбетова есмагамбетова қазақстан казахстан
ұжымдық иммунитет коллективный иммунитет айжан есмағамбетова есмагамбетова қазақстан казахстан
COVID-ке қарсы ұжымдық иммунитет 53 процентке жетті – бас санитар дәрігер
16:03 21.02.2022 (жаңартылды: 16:22 21.02.2022) Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жылдың аяғына дейін ұжымдық иммунитетті 40 процентке дейін жеткізу керектігін мәлімдеген
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстанда халықтың коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитеті 53 процентке жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 10 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды.
"Вакциналауға жататын ересек адамдардың саны 82 процент. Ал халық санына қарай есептейтін болсақ, ұжымдық иммунитет 53 проценттен асты", – деді Есмағамбетова шектеу шараларын жеңілдетуге арналған онлайн-лекторий кезінде.
Осы орайда бас санитарлық дәрігер ревакцинацияның маңыздылығын да ерекше атап өтті. Соның арқасында ұжымдық иммунитетті тиісті деңгейге көтеріп қана қоймай, оны ұстап тұруға болады.
Айта кетері, Қазақстандағы ревакцинация былтыр қараша айында басталған болатын. Осы уақытқа дейін 2 миллион 400 мың адам немесе вакциналауға жататын халықтың 52 проценті қайта екпе салдырды.
Бұрынғы екпенің күші әлсіреген сайын ревакцинация жасауға тиіс адамдар саны артады.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жылдың аяғына дейін ұжымдық иммунитетті 40 процентке дейін жеткізу керектігін мәлімдеген. Ал келесі жылдың ортасына дейін халықтың 70 процентінде иммунитет болуы қажет.