https://sputnik.kz/20220222/abaev-sport-ministrligi-23003103.html
Абаев туризм министрлігін құруға қатысты пікір білдірді
Абаев туризм министрлігін құруға қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша, мәдениет, спорт пен туризм бір-бірімен тығыз байланысты 22.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-22T16:05+0500
2022-02-22T16:05+0500
2022-02-22T16:19+0500
қоғам
туризм
мәдениет және спорт министрлігі
дәурен абаев
https://sputnik.kz/img/07e6/02/16/23001237_0:0:3537:1989_1920x0_80_0_0_f4b4cdc9d5a6f51cbb2c56f5a7e88d41.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев туризм саласы бойынша бөлек министрлікті құруға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Мәжілісте "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының директоры Инна Рей туризм министрлігін құруды ұсынды. Министр Дәурен Абаев қор директорымен келіскен жоқ. Оның айтуынша, мәдениет, спорт пен туризм бір-бірімен тығыз байланысты. "Біз, керісінше, туризмді дамыту үшін мәдениет пен спорт саласының мүмкіндіктерін барынша пайдалануымыз керек. Мысалы, бізде мәдениет комитеті салатын визит-орталықтар бар, сосын туризм комитеті салып жүрген визит-орталықтар бар. Бұрын олардың арасында байланыс болмаған. Қазір бірлесіп салады. Былайша айтқанда, мәдениет бар жерге турист келуі керек. Сол сияқты спорттық шараларды да пайдалану қажет. Мысалы, туристер келгенде оларға бірден спорттық және мәдени шаралар пакетін ұсынған дұрыс", - деп атап өтті Абаев.
https://sputnik.kz/20220222/velosayakhatshy-ministr-dau-video-23002299.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/16/23001237_330:0:3061:2048_1920x0_80_0_0_affe90b8f620d54260613161c93827a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туризм, мәдениет және спорт министрлігі, дәурен абаев
туризм, мәдениет және спорт министрлігі, дәурен абаев
Абаев туризм министрлігін құруға қатысты пікір білдірді
16:05 22.02.2022 (жаңартылды: 16:19 22.02.2022) Оның айтуынша, мәдениет, спорт пен туризм бір-бірімен тығыз байланысты
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев туризм саласы бойынша бөлек министрлікті құруға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
Мәжілісте "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының директоры Инна Рей туризм министрлігін құруды ұсынды.
"Мүмкіндік болса, бөлек министрлік құру мәселесіне қайта оралғанымыз дұрыс деп ойлаймын. Көрші өзбектерге қарасақ, олар үнемі бізден озып отырады. Біз де бәрін бір жерге жинауымыз керек. Өйткені мәденит, туризм мен спорт сияқты әртүрлі салалардың мәселесін бір уақытта шешіп отыру қиын. Сонда біздің мәселеміз бірінші кезекте шешіледі", - деді Рей.
Министр Дәурен Абаев қор директорымен келіскен жоқ. Оның айтуынша, мәдениет, спорт пен туризм бір-бірімен тығыз байланысты.
"Біз, керісінше, туризмді дамыту үшін мәдениет пен спорт саласының мүмкіндіктерін барынша пайдалануымыз керек. Мысалы, бізде мәдениет комитеті салатын визит-орталықтар бар, сосын туризм комитеті салып жүрген визит-орталықтар бар. Бұрын олардың арасында байланыс болмаған. Қазір бірлесіп салады. Былайша айтқанда, мәдениет бар жерге турист келуі керек. Сол сияқты спорттық шараларды да пайдалану қажет. Мысалы, туристер келгенде оларға бірден спорттық және мәдени шаралар пакетін ұсынған дұрыс", - деп атап өтті Абаев.