https://sputnik.kz/20220221/qazatomonerkasip-zhumysshylar-zhalaqy-22958260.html
"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" жұмысшыларының жалақысы тек 30%-ке өседі
"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" жұмысшыларының жалақысы тек 30%-ке өседі
Sputnik Қазақстан
Ақпанның басында кәсіпорын жұмысшылары жалақыларының 100%-ке ұлғайтылуын талап етті 21.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-21T12:25+0500
2022-02-21T12:25+0500
2022-02-21T12:25+0500
өңірлер
маңғыстау облысы
ереуіл
жалақы
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_0:40:3073:1768_1920x0_80_0_0_e6de3d81f57b24f36f3f4b9c3916ec0a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан — Sputnik. "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" қызметкерлерінің жалақысы тек 30%-ке өседі және бұл топқа комбинат басқару басшылары мен жұмысшылары, бөлімше басшылары кірмейді, деп хабарлады "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС баспасөз қызметі. Еңбек арбитражы осындай шешім қабылдады. Сонымен қатар, еңбек арбитражы 8 наурызға орай қыз-келіншектерге 10 АЕК (30 мың теңгеден астам), Наурыз мейрамына қарай МАЭК-тің барлық қызметкерлеріне 10 АЕК, сондай-ақ Қазақстанның Тәуелсіздік күніне және Энергетиктер күнінің құрметіне 25 АЕК (шамамен 76,5 мың теңге) көлемінде сыйақы және қаражаттың үнемделуіне байланысты тоқсан сайын бірдей мөлшерде сыйақы төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл өзгерістер осы жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына бір жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу басталды. Еске салсақ, 3 ақпанда энергетика комбинатының жұмысшылары жалақыны 100 процентке көтеру, денсаулықты түзетуге арналған жәрдемақы төлеу, мереке күндеріне орай сыйақы беру бойынша басшылыққа шағымданған. Сол кезде компания басшылығы жұмысшылар алдына шығып, бітімгерлік комиссиясы құрылды. Оның құрамына жұмысшылар мен кәсіподақ және жұмыс беруші тарапынан жеті адам кірді. Бастапқыда жұмыс берушілер жалақыны тек 30%-ке көтере алатынын айтты. Алайда 5 ақпанда бітімгерлік комиссиясы өзара келісімге келе алмай, бұл дау мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен Еңбек арбитраждық сотының қарауына жіберілді."МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп бірнеше рет наразылық акциясын ұйымдастырған болатын. 3 ақпанда энергокомбинаттың жұмысшылары басшылықтан жалақыны 100 процентке көтеру, сауықтыру өтемақысы мен сыйақы төлеуді талап еткен болатын.Сол кезде жұмысшылар алдына компания басшылығы шығып, мәмілеге келу жөнінде комиссия құрылды. Оның құрамына жұмысшылар және кәсіподақ тарапынан жеті адам кірді.Компания өндірістегі барлық жұмысшының жалақысын 30 процентке көтеруді, мерекеге орай сыйақы мен бір айлық жалақы көлемінде сауықтыру өтемақысын төлеуді ұсынды.Алайда 5 ақпанда мәмілеге келу комиссиясы компания басшылығының ұсынысымен келіспеді. Мәселе мемлекеттік инспектордың қатысуымен еңбек арбитражында қаралуға тиіс болды.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_148:0:2879:2048_1920x0_80_0_0_0b98dca8de6ad8e262b2bced4bcb058c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, ереуіл, жалақы
маңғыстау облысы, ереуіл, жалақы
"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" жұмысшыларының жалақысы тек 30%-ке өседі
Ақпанның басында кәсіпорын жұмысшылары жалақыларының 100%-ке ұлғайтылуын талап етті
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан — Sputnik. "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" қызметкерлерінің жалақысы тек 30%-ке өседі және бұл топқа комбинат басқару басшылары мен жұмысшылары, бөлімше басшылары кірмейді, деп хабарлады "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС баспасөз қызметі.
Еңбек арбитражы осындай шешім қабылдады. Сонымен қатар, еңбек арбитражы 8 наурызға орай қыз-келіншектерге 10 АЕК (30 мың теңгеден астам), Наурыз мейрамына қарай МАЭК-тің барлық қызметкерлеріне 10 АЕК, сондай-ақ Қазақстанның Тәуелсіздік күніне және Энергетиктер күнінің құрметіне 25 АЕК (шамамен 76,5 мың теңге) көлемінде сыйақы және қаражаттың үнемделуіне байланысты тоқсан сайын бірдей мөлшерде сыйақы төлеу туралы шешім қабылдады.
Бұл өзгерістер осы жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына бір жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу басталды.
"Еңбек арбитражы хаттамасының күн тәртібіне сәйкес, ұжымдық шартты әзірлеу кезінде инфляция деңгейіне байланысты жалақыны жыл сайын индекстеу мәселесі қарастырылады. Жұмысшылардың жалақысын арттыру келесі жылы да жоспарланып отыр", - деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске салсақ, 3 ақпанда энергетика комбинатының жұмысшылары жалақыны 100 процентке көтеру, денсаулықты түзетуге арналған жәрдемақы төлеу, мереке күндеріне орай сыйақы беру бойынша басшылыққа шағымданған. Сол кезде компания басшылығы жұмысшылар алдына шығып, бітімгерлік комиссиясы құрылды. Оның құрамына жұмысшылар мен кәсіподақ және жұмыс беруші тарапынан жеті адам кірді.
Бастапқыда жұмыс берушілер жалақыны тек 30%-ке көтере алатынын айтты. Алайда 5 ақпанда бітімгерлік комиссиясы өзара келісімге келе алмай, бұл дау мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен Еңбек арбитраждық сотының қарауына жіберілді.
"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп бірнеше рет наразылық акциясын
ұйымдастырған болатын.
3 ақпанда энергокомбинаттың жұмысшылары басшылықтан жалақыны 100 процентке көтеру, сауықтыру өтемақысы мен сыйақы төлеуді талап еткен болатын.
Сол кезде жұмысшылар алдына компания басшылығы шығып, мәмілеге келу жөнінде комиссия құрылды. Оның құрамына жұмысшылар және кәсіподақ тарапынан жеті адам кірді.
Компания өндірістегі барлық жұмысшының жалақысын 30 процентке көтеруді, мерекеге орай сыйақы мен бір айлық жалақы көлемінде сауықтыру өтемақысын төлеуді ұсынды.
Алайда 5 ақпанда мәмілеге келу комиссиясы компания басшылығының ұсынысымен келіспеді. Мәселе мемлекеттік инспектордың қатысуымен еңбек арбитражында қаралуға тиіс болды.