Әлем

Мюнхен конференциясында қандай мәселе талқыланды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуМюнхен қаласы
Мюнхен қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Жазылу
Өткен демалыс күндері Мюнхеньде өткен қауіпсіздік жөніндегі конференцияға Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатысуын батыстағылар құптамады
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Украинада болып жатқан жағдайға байланысты президенттің ел аумағынан тыс кетіп, қандай да бір іс-шараға қатысуы жөн болмас еді, деп жазды РИА Новости.
"Конференцияға қатысуды дұрыс шешім деп атау қиын", - деді осы жөнінде Джо Байден.
Бірақ Зеленский бәрібір демалыс күндерін Мюнхеньде өткізді. Конференция кезінде украин көшбасшысы жалынды сөз сөйледі. Ол бір жағынан Ресей "агрессиясы" мәселесін ушықтырмауға шақырды: "Украинаға расында да көмектесуді көздегендер шабуыл болатын межелі күн туралы болжам жасауды доғаруы керек".
Екінші жағынан, ол Украинаны Еуроодаққа, артынша НАТО-ға қашан қабылдайтыны туралы мәселені көтерді: "Біз үшін қазір басқа межелі күн маңызды және ол қандай күн екенін бәрі жақсы біліп отыр".
Зеленский бұл сұрақтарына жауап алды. Алайда оған дейін назараударлық тағы бір жайт орын алды. НАТО бас хатшысы Столтенберг егер Киев өз шекарасында НАТО әскері кеңейтпеуін талап етсе, онда оның орына НАТО жалпы өз құрамын ұлғайта беретінін айтты. Оның осы астыртын мәні бар мәлімдемесіне қарамастан, Столтенбергке Мюнхен конференциясын алғаш рет ұйымдастырушы, нағыз бітімгер, Еуропа қауіпсіздігі үшін сүбелі үлес қосқан азамат Эвальд фон Клейст атындағы марапат табысталды.
Қазақстан елшісі Дархан Қалетаев Украина президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын табыстады - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2020
Саясат
"Украина мұны ұмытпайды": Зеленский Қазақстанға не үшін алғыс айтты
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде вермахтта майдан шебінде болған Эвальд фон Клейст Германиядағы танымал әулеттен шыққан. Бұл әулетте шенді әскерилер, атақты саясаткерлер, ғұлама ғалымдар мен дарынды ақындар болған. Соның бірі ретінде Еуропаның ұлы драматургтерінің бірі Генрих фон Клейстті атауға болады.
Клейст отбасы Гитлерге қарсы шыққандардың бірі болды. Оның әкесі Штауффенберг сөз байласуына қатысқан. Әкесі өлім жазасына кесілгенде жас Эвальд ғажайыптың күшімен тірі қалған. Өмір соқпағы неміс аристократын нағыз бітімгер етті. Ол ұйымдастырған Мюнхен конференциясы америкалық және еуропалық элита үшін келіссөз алаңына айналды.
Қырғи-қабақ соғыс аяқталғанға дейін бұл расында да пайдалы іс-шара болды. Еуропада бейбіт ғұмыр кешті. Қарусыздандыру процестері сәтті жүріп жатты. Бірақ 90-жылдары америкалық осы алаңды өз тізгініне алды. Эвальд фон Клейст бұл шараның басы-қасынан кеткен соң, оның орнына "Боинг" америкалық корпорациясының директорлар кеңесінде қызметі бар Хорст Тельчик келді. Сол шақтан бастап америкалықтар Ескі Әлемнің өкілдерін қайта жасақтап, Еуропадағы қауіпсіздік жөнінде өз ұсыныстарын енгізді, деп жазды РИА Новости.
2007 жылы Мюнхенде баяндама оқыған РФ президенті Владимир Путин еуропалық элитаның америкалықтардың ығына жығылуы туралы өткір пікір айтып, АҚШ еуропадағы соғысқа себепші болуы мүмкін екені туралы ескерткен болатын. Ресейлік БАҚ жазуынша, қазір Америка Мюнхен конференциясын Украинадағы соғысқа еуропалықтарды тарту мақсатында қолданып отыр.
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2022
Саясат
Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды қадағалап отыр - Уәли
Сондықтан Мюнхен-2022 шарасында "Ресей шабуылы" сөзі тым жиі қолданылды. Спикерлердің барлығы Ресей шындығында украин шекарасынан өз әскерін алып кетпегенін, Донбастағы атысты Ресей арандатып отырғанын айтты. Бәрінен де Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның пікірі агрессияға толы болды.
"Біз Эстониядағы әскер санын екі есе ұлғайттық, Польша мен Оңтүстік-Шығыс Еуропаның әуе кеңістігіндегі әскерилер саны да артты. Кипрға алты "Тайфун" жойғыш ұшғаны жөнелтіп, Шығыс Жерорта және Қара теңізге әскери кемелер жібердік. 2014 жылдан бері Украинаға көмектесіп, бұл елде 22 мың сарбазды оқу-даярлықтан өткізгеніміз және 2000 танкке қарсы зымыран жібергенімізді мақтан тұтамын. АҚШ вице-президенті Камала Харрис негізінен Ресейге қарсы қолданылатын санкциялар жайына тоқталды. Осы тұста Мюнхен конференциясының төрағасы, неміс дипломаты Волфганг Ишингер Харриске АҚШ билгіне "жаңа Трамп" келсе, Еуропадағы америкалық саясат өзгере ме, жоқ па деген сауал жолдады.
Себебі осы жылдың қарашасында конгрестегі демократтардың орнына республикашылдар келуі ықтимал болып отыр. Бұл сұраққа Харрис екіұдай мағынада жауап қатты. Сонымен қатар Ишингер "Біз тек Ресей туралы емес, Ресеймен бірге сөйлесе аламыз ба?" деп сұрады. Камала Харрис өзінің дипломатияны басшылыққа алатынын, бірақ Ресей шабуыл жасаса, соғыс басталатыны және еуропалықтар қол қусырып отырмайтынын ескертті.
Жалпы Мюнхен конференциясы бүкіл әлемге НАТО-ға мүше мемлекеттердің бірлігін паш етуі керек еді. Алайда бұл іс-шара осы елдердің ешқайсысы Киевтегі соғысқа қатысудан қашқақтап отырғанын аңғартты, деп жазды РИА Новости.
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Әлем
Литва Украинада Еуроодақтың әскери миссиясын ұйымдастыруды ұсынды
Жаңалықтар
0