https://sputnik.kz/20220221/memlekettik-duma-deputaty-22974554.html
Мемлекеттік дума депутаты Украина төңірегіндегі мәселе туралы айтты
Мемлекеттік дума депутаты Украина төңірегіндегі мәселе туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Екі мемлекет көшбасшыларының кездесуі мәмілеге келуде маңызды қадам болады, дейді депутат 21.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-21T21:47+0500
2022-02-21T21:47+0500
2022-05-16T16:20+0500
депутаттар
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/378/48/3784801_0:0:2845:1600_1920x0_80_0_0_e3bfe42d27ca80c4506c6a8a2c31e7c5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. РФ Мемлекеттік думасының ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің мүшесі Артем Туров "Sputnik на русском" Youtube-арнасында ресейлік парламент Донбастағы жағдайды қалай бағалайтыны туралы айтып берді. Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасы Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасын тану туралы бір ай емес, бір жыл емес, жағдай ушыққан 2014 жылы да емес, тап қазір бастама көтеруі кездейсоқ емес. Украина халқына қатысты геноцид әлі жалғасып жатыр, деп санайды РФ Мемлекеттік дума депутаты Артем Туров. "Ресми Киев мұқият дайындалған және қабылдануы күрделі болған Минск механизмін жүзеге асыру үшін 2015 жылдан бері ештеңе жасаған жоқ. Бейбітшілікке алып келуі, Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды тұрақтандыруы ықтимал тармақтардың барлығы дерлік орындалған жоқ. Ал соңғы уақытта түйіісу нүктемінде соққы жасаушы топ орналастырылғанын көріп отырмыз. Түрлі дерек көзіне сүйенсек, онда 100 мыңнан астам адам шоғырланған. Бұл украин армиясының жартысына жуық. Бұл не үшін қажет?", - деп сауал қойды саясаткер. Ол түйісу желісіндегі бұл контингент қуатты қаруланғанын және бұл Ұлыбритания мен АҚШ әскері екенін айтты. Соңғы кездері Зеленский мәлімдері Киев Донбасты күшпен тартып алуға дайындалып жатқанын меңзейді. Қазір Донецк пен Луганскта болып жатқан жағдай осының айғағы болып отыр. "Оқ қандай калибрден және қалай атылып жатқанын көріп отырмыз. Минск келісімі бірнеше рет бұзылды. Сондықтан апатқа, геноцидке жол бермес үшіін Мемлекеттік дума ел президентіне осындай бастама ұсынды. Бұл ең алдымен сол аймақта тұрып жатқан халықты қорғау үшін қажет", - деді Туров.Мемлекеттік дума депутаты Ресей барлық кезде дауды дипломатия жолымен шешілуін, Минск келісімдері орындалуын қалағанын айтты. Алайда ресми Киев мұндай ниет танытпай отыр. Ол Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасы өкілдерімен тікелей сұхбаттасуды қаламайды. Бірақ келісімшартқа қол қойған заңды түрде танылған тарап дәл осы республикалар. Артем Туров Украинаға қатысты шешімдердің қабылдануына Ұлыбритания мен АҚШ ықпалы бар екенін атап өтті. Себебі бұл мемлекет сыртқы басқарудың қарамағында тұр. – Алайда Киев бұл бағытта шара қабылдамайтынын білеміз. Украинаның серіктестері де бұл мәселені шешкілері келмейді. Олар Украинаны Ресеймен шекарадағы жағдайды шиеленістіру құралы ретінде қолданып отыр. Біз 2008 жылы Грузия Оңтүстік Осетияға шабуыл жасап, Оңтүстік Осетия мен Абхазияны мойындау ғана қақтығысқа тоқтау болғанын ұмытқан жоқпыз". Туров Владимир Зеленскийдің ядросыз статустан бас тарту туралы мәлімдемесін әлем қолдамайтынына сенімді. Себебі соңғы онжылдықта Украинада тұрақтылық болған емес. Сонымен қатар ол АҚШ пен Ресей президенттерінің қатысуымен өтетін саммитке қатысты пікір білдірді. Ол "ең бастысы Ресей сөзіне құлақ асуы керек, себебі қауіпсіздік жөніндегі кепілдік құжаттары Ресейге ғана емес, Еуропа елдеріне, жалпы Батысқа да қажет" екенін айтты."Екі мемлекет көшбасшыларының кездесуі мәмілеге келуде маңызды қадам болады", - дейді Туров.
https://sputnik.kz/20220221/putin-donetsk-lugansk-22974722.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/378/48/3784801_114:0:2845:2048_1920x0_80_0_0_911addd27e7ce95b7964341586f59de4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутаттар
Мемлекеттік дума депутаты Украина төңірегіндегі мәселе туралы айтты
21:47 21.02.2022 (жаңартылды: 16:20 16.05.2022) Екі мемлекет көшбасшыларының кездесуі мәмілеге келуде маңызды қадам болады, дейді депутат
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. РФ Мемлекеттік думасының ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің мүшесі Артем Туров "Sputnik на русском" Youtube-арнасында ресейлік парламент Донбастағы жағдайды қалай бағалайтыны туралы айтып берді.
Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасы Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасын тану туралы бір ай емес, бір жыл емес, жағдай ушыққан 2014 жылы да емес, тап қазір бастама көтеруі кездейсоқ емес. Украина халқына қатысты геноцид әлі жалғасып жатыр, деп санайды РФ Мемлекеттік дума депутаты Артем Туров.
"Ресми Киев мұқият дайындалған және қабылдануы күрделі болған Минск механизмін жүзеге асыру үшін 2015 жылдан бері ештеңе жасаған жоқ. Бейбітшілікке алып келуі, Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды тұрақтандыруы ықтимал тармақтардың барлығы дерлік орындалған жоқ. Ал соңғы уақытта түйіісу нүктемінде соққы жасаушы топ орналастырылғанын көріп отырмыз. Түрлі дерек көзіне сүйенсек, онда 100 мыңнан астам адам шоғырланған. Бұл украин армиясының жартысына жуық. Бұл не үшін қажет?", - деп сауал қойды саясаткер.
Ол түйісу желісіндегі бұл контингент қуатты қаруланғанын және бұл Ұлыбритания мен АҚШ әскері екенін айтты. Соңғы кездері Зеленский мәлімдері Киев Донбасты күшпен тартып алуға дайындалып жатқанын меңзейді. Қазір Донецк пен Луганскта болып жатқан жағдай осының айғағы болып отыр.
"Оқ қандай калибрден және қалай атылып жатқанын көріп отырмыз. Минск келісімі бірнеше рет бұзылды. Сондықтан апатқа, геноцидке жол бермес үшіін Мемлекеттік дума ел президентіне осындай бастама ұсынды. Бұл ең алдымен сол аймақта тұрып жатқан халықты қорғау үшін қажет", - деді Туров.
Мемлекеттік дума депутаты Ресей барлық кезде дауды дипломатия жолымен шешілуін, Минск келісімдері орындалуын қалағанын айтты. Алайда ресми Киев мұндай ниет танытпай отыр. Ол Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасы өкілдерімен тікелей сұхбаттасуды қаламайды. Бірақ келісімшартқа қол қойған заңды түрде танылған тарап дәл осы республикалар.
Артем Туров Украинаға қатысты шешімдердің қабылдануына Ұлыбритания мен АҚШ ықпалы бар екенін атап өтті. Себебі бұл мемлекет сыртқы басқарудың қарамағында тұр.
"Біз үшін Минск келісімінің орындалуы – ең басты әрі ең тиімді механизм, - деп санайды Мемлекеттік дума депутаты.
– Алайда Киев бұл бағытта шара қабылдамайтынын білеміз. Украинаның серіктестері де бұл мәселені шешкілері келмейді. Олар Украинаны Ресеймен шекарадағы жағдайды шиеленістіру құралы ретінде қолданып отыр. Біз 2008 жылы Грузия Оңтүстік Осетияға шабуыл жасап, Оңтүстік Осетия мен Абхазияны мойындау ғана қақтығысқа тоқтау болғанын ұмытқан жоқпыз".
Туров Владимир Зеленскийдің ядросыз статустан бас тарту туралы мәлімдемесін әлем қолдамайтынына сенімді. Себебі соңғы онжылдықта Украинада тұрақтылық болған емес. Сонымен қатар ол АҚШ пен Ресей президенттерінің қатысуымен өтетін саммитке қатысты пікір білдірді.
Ол "ең бастысы Ресей сөзіне құлақ асуы керек, себебі қауіпсіздік жөніндегі кепілдік құжаттары Ресейге ғана емес, Еуропа елдеріне, жалпы Батысқа да қажет" екенін айтты.
"Екі мемлекет көшбасшыларының кездесуі мәмілеге келуде маңызды қадам болады", - дейді Туров.