https://sputnik.kz/20220221/putin-donetsk-lugansk-22974722.html
Путин Донецк және Луганск халық республикаларының үндеуіне қатысты пікір білдірді
Путин Донецк және Луганск халық республикаларының үндеуіне қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін өзін республика ретінде жариялаған Луганск және Донецк халық республикаларының басшылары Ресей президентінен тәуелсіздіктерін мойындауды сұраған... 21.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-21T20:33+0500
2022-02-21T20:33+0500
2022-02-21T20:48+0500
әлем
владимир путин
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18949907_0:0:3111:1751_1920x0_80_0_0_b2f3651e8190d84fcef7f33be702d144.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Донецк және Луганск халық республикаларын мойындау туралы сауалға жауап беру керек екенін айтты. Мұндай мәселені бұған дейін мемлекеттік дума президентке жолдаған болатын, деп хабарлайды РИА Новости."Бізге Донбастағы жағдай түсінікті. Бүгінгі таңда оны Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры және қорғаныс министрі егжей-тегжейлі сипаттады. Біз Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасын тану туралы мәселеге жауап беруіміз керек. Ол бұған дейін мемлекеттік думаның президентке үндеуінде айтылған ", - деді Путин.Өзін республика ретінде жариялаған Луганск халық республикасының басшысы Леонид Пасечник, сондай-ақ Донецк халық республикасының басшысы Денис Пушилин Ресей президентінен өз республикаларының тәуелсіздігін мойындауын сұрады.Донбастағы жағдай соңғы күндері шиеленісе түсті. ДНР мен ЛНР украиналық қауіпсіздік күштері тарапынан көп рет оқ атылғанын мәлімдеді. Екі өзін-өзі жариялаған республика басшылары Украинаның басып кіру қаупіне байланысты азаматтарды Ростов облысына уақытша эвакуациялау туралы хабарлады.Украина президенті Владимир Зеленский жақын арада әскерилерге Донбаста шабуылға көшуге, Луганск және Донецк халық республикаларына басып кіру жоспарын жүзеге асыруға бұйрық береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18949907_201:0:2932:2048_1920x0_80_0_0_bebfd962f8acfa42ce16a6edb610af0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин
Путин Донецк және Луганск халық республикаларының үндеуіне қатысты пікір білдірді
20:33 21.02.2022 (жаңартылды: 20:48 21.02.2022) Бұған дейін өзін республика ретінде жариялаған Луганск және Донецк халық республикаларының басшылары Ресей президентінен тәуелсіздіктерін мойындауды сұраған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Донецк және Луганск халық республикаларын мойындау туралы сауалға жауап беру керек екенін айтты. Мұндай мәселені бұған дейін мемлекеттік дума президентке жолдаған болатын, деп хабарлайды
РИА Новости.
"Бізге Донбастағы жағдай түсінікті. Бүгінгі таңда оны Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры және қорғаныс министрі егжей-тегжейлі сипаттады. Біз Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасын тану туралы мәселеге жауап беруіміз керек. Ол бұған дейін мемлекеттік думаның президентке үндеуінде айтылған ", - деді Путин.
Өзін республика ретінде жариялаған Луганск халық республикасының басшысы Леонид Пасечник, сондай-ақ Донецк халық республикасының басшысы Денис Пушилин Ресей президентінен өз республикаларының тәуелсіздігін мойындауын сұрады.
Донбастағы жағдай соңғы күндері шиеленісе түсті. ДНР мен ЛНР украиналық қауіпсіздік күштері тарапынан көп рет оқ атылғанын мәлімдеді. Екі өзін-өзі жариялаған республика басшылары Украинаның басып кіру қаупіне байланысты азаматтарды Ростов облысына уақытша эвакуациялау туралы хабарлады.
Украина президенті Владимир Зеленский жақын арада әскерилерге Донбаста шабуылға көшуге, Луганск және Донецк халық республикаларына басып кіру жоспарын жүзеге асыруға бұйрық береді.