Саясат

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазынаның" басқарма төрағасын қабылдады

© Photo : пресс-служба АО "ФНБ "Самрук-Казына"Фонд "Самрук-Казына"
Фонд Самрук-Казына - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Жазылу
Мемлекет басшысына қор топтарының маңызды активтерін жекешелендіру және IPO-ға шығару жоспары туралы баяндалды
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазынаның" басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке "Самұрық-Қазына" қорын реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет берілді.
"Алмасадам Сәтқалиев президентке энергетика, мұнай-газ және инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын айтты", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысына Қор топтарының маңызды активтерін жекешелендіру және IPO-ға шығару жоспары туралы баяндалды.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамын реформалауға, сатып алулардың ашықтығын арттыруға, отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Қаңтар оқиғасы
Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы: мен кек алуға ұмтылмаймын
Жаңалықтар
0