Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы: мен кек алуға ұмтылмаймын

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда ғимараты
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Жазылу
Кездесу барысында президент қаңтар оқиғаларына тоқталды
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында президент қаңтар оқиғаларына тоқталды.
Мемлекет басшысының айтуынша, жылдың басында Қазақстан ішкі және сыртқы деструктивті күштердің ауыр әрі қатыгездікпен жасалған шабуылына тап болды. Қазақстандықтардың табандылығы мен ұжымдық парасаттылығының арқасында мемлекеттік төңкеріс жасаушыларға тойтарыс берілді. Ал бүлікшілер мен бұзақылар жауапқа тартылып жатыр.

"Қаңтар оқиғасынан" кейін мен кек алуға немесе жікшілдік жасауға ұмтылмаймын. Ел президенті ретінде Қазақстан азаматтарының жікке бөлінуін емес, бірігуін аса маңызды басымдық санаймын. Сондықтан "Жаңа Қазақстан" тұжырымдамасын ұсындым", - деді Тоқаев.

Ол бұл құжат этносаралық келісім мен көпвекторлы сыртқы саясат сияқты айқын жетістіктерді сақтап, бұған дейінгі "жіберілген әділетсіздіктерден құтылуға" көмектесетінін айтты.
"Менің жасампаз жұртым бұл сынақтан бұрынғыдан да күшті, берекелі, болашағынан үміт күтетін және өз мемлекеттілігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын сақтауға белін бекем буған халық болып шығады", - деп атап көрсетті Тоқаев.
© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент Касым-Жомарт Токаев принял верительные грамоты у послов ряда государств - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент халықаралық серіктестерін осындай сын сағатта Қазақстанға деген берік ынтымақтастығын танытуға шақырды.
"Менің Әкімшілігім өз тарапынан ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырады. Инвестициялық келісімшарттарға қол сұғылмауын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлықпен тоқтаусыз күреседі. Сіздерді пандемиядан кейінгі кезеңде өздеріңіздің дипломатиялық және саяси мол тәжірибелеріңізді екіжақты қатынасты жаңа биікке көтеру үшін пайдалануға шақырамын. Қазақстан сіздердің мемлекеттеріңізбен арадағы екіжақты және көпжақты байланыстарды одан әрі жан-жақты нығайтуға дайын", - дейді мемлекет басшысы.
© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаПрезидент елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтады
Президент Касым-Жомарт Токаев принял верительные грамоты у послов ряда государств - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Президент елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтады
Ақордада өткен кездесу кезінде 7 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды. Олар - Моңғолия елшісі Дорж Баярхуу, Грекия елшісі Эфталия Какиопулу, Индонезия елшісі Мохамад Фаджрул Рахман, Марокко елшісі Мухаммед Рашид Маанину, Канада елшісі Алан Уилфред Хэмсон, Израиль елшісі Эдвин Натан Ябо Глусман және Мажарстан елшісі Отто Иван Рона.
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, еліміздегі игі міндеттерін орындау барысында жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаПрезидент халықаралық серіктестерін сын сағатта Қазақстанға деген берік ынтымақтастық танытуға шақырды
Президент Касым-Жомарт Токаев принял верительные грамоты у послов ряда государств - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Президент халықаралық серіктестерін сын сағатта Қазақстанға деген берік ынтымақтастық танытуға шақырды
Жаңалықтар
0