https://sputnik.kz/20220221/kutushi-balany-salqyn-bolmede-ustau-22970671.html
"Күтуші баланы салқын бөлмеде ұстады": Павлодардағы жанжалдың жалғасы
"Күтуші баланы салқын бөлмеде ұстады": Павлодардағы жанжалдың жалғасы
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін ата-аналардың біреуі жеке меншік балабақша қызметкерлерінің әрекетіне арызданды 21.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-21T18:15+0500
2022-02-21T18:15+0500
2022-02-21T18:46+0500
өңірлер
бала
павлодар
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Павлодар қаласындағы Zerek Bala балабақшасының басшылығы кішкентай қыздың киімсіз салқын бөлмеде қалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін ата-аналардың біреуі жеке меншік балабақша қызметкерлерінің әрекетіне арызданды. Оның айтуынша, тәрбиеші мен күтуші екі жасқа толмаған қызын салқын бөлмеге қамап тастаған. Бала сол жерде 42 минут отырды деген болатын. Ал балабақша қызметкерелір түскі асын ішкен. Осы жанжалдан кейін күтуші жұмыстан шығарылды. Ал аяғы ауыр тәрбиешіге сөгіс жарияланған болатын. Артынан ол өзі арыз жазып, жұмыстан шығып кетті. Алайда бейне жазбаларды қарау кезінде келіншек айтқан фактілер расталмады. Ол видеоның бір бөлігін ғана алып, таратып жіберген. "Баланы қабылдау бөлмесіне кіргізген. Оның есігі жабылмайды. Одан кейін ол қыз кадрға түскен жоқ. Себебі ата-анасы арғы жағынан алып кетті. Ешқандай арыз айтқан жоқ. Ол күні баланың ас қорытуы бұзылды. Дәретханаға барып келді. Ал ата-анасы видеоны көріп шығуды сұрады. Баланың денсаулығы балабақша кесірінен бұзылмағанына көз жеткіземін деді. Сол кезде видеоға түсіріп алып, желіге салып жіберді", - дейді балабақшаның өкілі. Мамандар барлық бейнежазбаны көріп шықты. Балаға ешкім тиіскен жоқ. Дәретханадан кейін жуындырып, ата-анасына тапсырған. Күтуші оны қабылдау бөлмесіне кіргізді. Ал тәрбиеші киімін алып келді. "Бізде сыртқы бақылау камералары да бар. Содан ата-анасы қызды алып, тып-тыныш кеткенін анық көруге болады. Барлық видео полицияға тапсырылды", - деді балабақша мамандары. Білім бөлімі де бейнежазбаларды көріп шыққан. Ешқандай тәртіпбұзушылықтар анықталған жоқ екені хабарланды.
https://sputnik.kz/20211230/Balabaqshada-tayaq-zhegen-bala-19021498.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, павлодар
"Күтуші баланы салқын бөлмеде ұстады": Павлодардағы жанжалдың жалғасы
18:15 21.02.2022 (жаңартылды: 18:46 21.02.2022) Бұған дейін ата-аналардың біреуі жеке меншік балабақша қызметкерлерінің әрекетіне арызданды
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Павлодар қаласындағы Zerek Bala балабақшасының басшылығы кішкентай қыздың киімсіз салқын бөлмеде қалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Бұған дейін ата-аналардың біреуі жеке меншік балабақша қызметкерлерінің әрекетіне арызданды. Оның айтуынша, тәрбиеші мен күтуші екі жасқа толмаған қызын салқын бөлмеге қамап тастаған. Бала сол жерде 42 минут отырды деген болатын. Ал балабақша қызметкерелір түскі асын ішкен. Осы жанжалдан кейін күтуші жұмыстан шығарылды. Ал аяғы ауыр тәрбиешіге сөгіс жарияланған болатын. Артынан ол өзі арыз жазып,
жұмыстан шығып кетті.
Алайда бейне жазбаларды қарау кезінде келіншек айтқан фактілер расталмады. Ол видеоның бір бөлігін ғана алып, таратып жіберген.
"Баланы қабылдау бөлмесіне кіргізген. Оның есігі жабылмайды. Одан кейін ол қыз кадрға түскен жоқ. Себебі ата-анасы арғы жағынан алып кетті. Ешқандай арыз айтқан жоқ. Ол күні баланың ас қорытуы бұзылды. Дәретханаға барып келді. Ал ата-анасы видеоны көріп шығуды сұрады. Баланың денсаулығы балабақша кесірінен бұзылмағанына көз жеткіземін деді. Сол кезде видеоға түсіріп алып, желіге салып жіберді", - дейді балабақшаның өкілі.
Мамандар барлық бейнежазбаны көріп шықты. Балаға ешкім тиіскен жоқ. Дәретханадан кейін жуындырып, ата-анасына тапсырған. Күтуші оны қабылдау бөлмесіне кіргізді. Ал тәрбиеші киімін алып келді.
"Бізде сыртқы бақылау камералары да бар. Содан ата-анасы қызды алып, тып-тыныш кеткенін анық көруге болады. Барлық видео полицияға тапсырылды", - деді балабақша мамандары.
Білім бөлімі де бейнежазбаларды көріп шыққан. Ешқандай тәртіпбұзушылықтар анықталған жоқ екені хабарланды.