Экономика

Қазақстанда пайдалы қазбалар кен орындары тексеріліп жатыр

© REUTERS / Angus MordantМұнай кен орны
Мұнай кен орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2022
Жазылу
Тексеріс барысында 170-тен астам тиімсіз келісімшарт анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатының кен орындарын тексеру мәселесі жөнінде кеңес өткізді.
"Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Талдау барысында уәкілетті органдар міндеттемелерін дұрыс орындамай отырған қатты пайдалы қазбаларға қатысты 148 және көмірсутек шикізатына қатысты 27 келісімшартты анықтады", - деп хабарлады премьер-министр сайты.
Тиісті Жол картасы аясында тоқтату туралы тиісті хабарлама жіберілетін шарттар мен лицензияларды анықтау жоспарлануда.
Осы жұмыстардың нәтижесінде кен орындары жаңа инвесторларға беру үшін аукционға шығарылады. Аукционда жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну барлық мүдделі инвестордың қатысуына тең мүмкіндік береді.
Мұнай, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Экономика
Маңғыстау облысында мұнайдың жаңа кен орны табылды
Аукциондарды өткізу туралы ақпарат міндетті түрде мемлекеттік органдардың интернет ресурстары мен республикалық баспа басылымдарында жарияланады.
"Қабылданып жатқан шаралар қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласына, бірінші кезекте қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру бойынша инвестиция ағыны ұлғаяды", - деді үкіметтегілер.
Үкімет осы бағыттағы жұмысты жалғастырады.
Жаңалықтар
0