Экономика

Маңғыстау облысында мұнайдың жаңа кен орны табылды

© Sputnik / Алексей Свердлов / Медиабанкке өтуМұнай, архивтегі сурет
Мұнай, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Жазылу
Қазіргі таңда жаңа қорды ескере отырып, кен орнын игеру жобасына түзету енгізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында Өзен кен орнынан жан-жақты барлау барысында жаңа мұнай кен орны табылды. Нәтижесінде өндірілетін мұнай қорының өсімі 39,9 миллион тоннаны құрады.
Көмірсутек қорының өсімі "ҚазМұнайГаз" компаниясының экономикалық көрсеткіштеріне елеулі әсер етеді, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз" компаниясының ресми сайты.
2017 жылы геологтар тобы Өзен кен орнын жете барлаудың егжей-тегжейлі бағдарламасына бастамашы болған. Осы бағдарлама аясында 2017-2021 жылдары жоғары көрсеткішті сейсмобарлау 3D түсірілімі (368 шаршы км) жүргізілді, барлық ұңғыма қорына (7500-ден астам) қайта талдау жасалып, геологиялық тұжырымдама қайта қаралды және геологиялық 3D-үлгі қайта құрастырылды.
"Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде кен орнының құрылымы нақтыланды және жаңа мұнай кен орны табылды. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Өзен кен орнының мұнай қоры 8%-ке ұлғайды, бұл өндірілетін қордың 39,9 миллион тоннасын құрайды", - делінген хабарламада.
2021 жылдың соңында көмірсутектің нақтыланған көлемі Қазақстанның пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясының балансына алынды.
Қазіргі уақытта жаңа қорды есепке алу және оны өндіруді жоспарлау мақсатында кен орнын игеру жобасына түзету енгізілуде, деп атап өтті компания.
Оқи отырыңыз: Елде тапшылық бола тұра газды экспорттауға енді жол берілмейді – Тоқаев
Айта кетері, "Өзенмұнайгаз" АҚ – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның 100 пайыз еншілес компаниясы. Кәсіпорын Маңғыстау облысындағы Өзен және Қарамандыбас кен орындарында мұнай және газ конденсатын өндіреді.
Өзен кен орны – Қазақстан Республикасында ғана емес, сонымен қатар әлем бойынша бірегей бастапқы геологиялық қоры бар ең ірі кен орындарының бірі. Бұл құрылымы күрделі көпқабатты кен орны, оның мұнай мен газ шоғырлары юра-бор шөгінділерінің терригендік бөлінісінде орналасқан.
Жаңалықтар
0