https://sputnik.kz/20220219/nur-sultan-10-myn-aleumettik-pater-22931189.html
Нұр-Сұлтанда тағы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады
Нұр-Сұлтанда тағы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады
Sputnik Қазақстан
Жеңілдікпен берілетін баспананың саны жыл сайын артып келеді 19.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-19T16:26+0500
2022-02-19T16:26+0500
2023-08-09T12:22+0500
елорда тынысы
баспана
астана
https://sputnik.kz/img/786/94/7869489_0:4:3501:1973_1920x0_80_0_0_2d6e5e373d54a7157a108014566c48f9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік баспана құрылысына қатысты жоспарын бөлісті."Биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылардың санатын едәуір кеңейтіп, тұрғын үй сертификатының сомасын 1 миллион теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін ұлғайттық, сол сияқты "Elorda Jastary" арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық", - деп жазды Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында.Оның айтуынша, жеңілдікпен берілетін баспананың саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2018 жылы 1100 әлеуметтік пәтер салынса, 2020 жылы 7 мың пәтер пайдалануға берілді. Өткен жылдан бастап 10 мыңға дейін жетті.Ал әлеуметтік орталықтар жұмысқа орналасуға, тұрғын үй кезегіне тұруға және тағы басқа көмек көрсетіп отырады. Осы орайда қала әкімі маңызды бір мәселеге тоқталды."Тек қана мемлекеттік/демеушілік көмекке сене беруге болмайды. Егер адамның денсаулығы жақсы болса – жұмыс істеу керек. Осылайша, ата-аналар балаларын жақсы жағдайда тәрбиелеп қана қоймай, оларға білім алып, жұмыс істеудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді", - деп атап өтті Көлгінов.Әкімнің мәліметіне сәйкес, былтыр 28 мыңнан астам жұмыс орны құрылған болатын. Соның ішінде 24 мың тұрақты жұмыс орны бар. Көлгінов биыл тағы 28,5 мың жұмыс орнын ашуға сөз берді.
https://sputnik.kz/20220209/gimarat-qulatyldy-video-22632079.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/786/94/7869489_292:0:3117:2119_1920x0_80_0_0_fd89f52f2a5c30b3aa57ebe4ceac90ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана, астана
Нұр-Сұлтанда тағы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады
16:26 19.02.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Жеңілдікпен берілетін баспананың саны жыл сайын артып келеді
НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік баспана құрылысына қатысты жоспарын бөлісті.
"Биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылардың санатын едәуір кеңейтіп, тұрғын үй сертификатының сомасын 1 миллион теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін ұлғайттық, сол сияқты "Elorda Jastary" арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық", - деп жазды Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, жеңілдікпен берілетін баспананың саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2018 жылы 1100 әлеуметтік пәтер салынса, 2020 жылы 7 мың пәтер пайдалануға берілді. Өткен жылдан бастап 10 мыңға дейін жетті.
Ал әлеуметтік орталықтар жұмысқа орналасуға, тұрғын үй кезегіне тұруға және тағы басқа көмек көрсетіп отырады. Осы орайда қала әкімі маңызды бір мәселеге тоқталды.
"Тек қана мемлекеттік/демеушілік көмекке сене беруге болмайды. Егер адамның денсаулығы жақсы болса – жұмыс істеу керек. Осылайша, ата-аналар балаларын жақсы жағдайда тәрбиелеп қана қоймай, оларға білім алып, жұмыс істеудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді", - деп атап өтті Көлгінов.
Әкімнің мәліметіне сәйкес, былтыр 28 мыңнан астам жұмыс орны құрылған болатын. Соның ішінде 24 мың тұрақты жұмыс орны бар. Көлгінов биыл тағы 28,5 мың жұмыс орнын ашуға сөз берді.