https://sputnik.kz/20220209/gimarat-qulatyldy-video-22632079.html
Нұр-Сұлтанда биік ғимарат жермен-жексен болды – видео
Нұр-Сұлтанда биік ғимарат жермен-жексен болды – видео
Sputnik Қазақстан
8 ақпан күні кешке тұрғындар гүрс еткен дауысты естіген 09.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-09T07:02+0500
2022-02-09T07:02+0500
2023-08-09T12:22+0500
елорда тынысы
астана
https://sputnik.kz/img/217/86/2178657_0:179:1920:1259_1920x0_80_0_0_6d1dd0341cb0f00b7b016bb7ef3def42.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтанда сыртқы істер министрлігі ғимаратының жанындағы тағы бір ғимарат құлатылғаны туралы видео тарады.8 ақпан күні кешке сол маңайдағы тұрғындар гүрс еткен дауысты естіген.Әлеуметтік желі қолданушылары үйінің қасында ұзақ уақыт бойы салынып жатқан құрылыс ғимаратының опырылып құлауы қандай әсер қалдырғанын жазып жатыр.Олардың пікірінше, мұндай шара туралы халықты алдын ала хабардар ету керек және қас қарайған кезде өткізбеген жөн."Astana"әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі бұл нысанды салу кезінде құрылыс жұмыстарының ережесі бұзылғанын, сондықтан оны бұзу туралы шешім қабылданғанын хабарлады."Сонымен қатар ұзақ уақыт тұрып қалуы салдарынан конструкциялар бүлінген. Айта кетері, жер телімі инвестордың атына бекітілген", - деп толықтырды корпорация.
https://sputnik.kz/20210820/Nur-Sultan-qurylysy-video-17910125.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/217/86/2178657_225:0:1920:1271_1920x0_80_0_0_35e95891073441af136dc0f21948db16.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ғимарат видео нұр-сұлтан
Нұр-Сұлтанда биік ғимарат жермен-жексен болды – видео
07:02 09.02.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) 8 ақпан күні кешке тұрғындар гүрс еткен дауысты естіген
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтанда сыртқы істер министрлігі ғимаратының жанындағы тағы бір ғимарат құлатылғаны туралы видео тарады.
8 ақпан күні кешке сол маңайдағы тұрғындар гүрс еткен дауысты естіген.
Әлеуметтік желі қолданушылары үйінің қасында ұзақ уақыт бойы салынып жатқан құрылыс ғимаратының опырылып құлауы қандай әсер қалдырғанын жазып жатыр.
Олардың пікірінше, мұндай шара туралы халықты алдын ала хабардар ету керек және қас қарайған кезде өткізбеген жөн.
"Astana"әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі бұл нысанды салу кезінде құрылыс жұмыстарының ережесі бұзылғанын, сондықтан оны бұзу туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
"Сонымен қатар ұзақ уақыт тұрып қалуы салдарынан конструкциялар бүлінген. Айта кетері, жер телімі инвестордың атына бекітілген", - деп толықтырды корпорация.