Қоғам

Алматы облысында жол апатынан үш полицей зардап шекті – видео

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2022
Жазылу
Бірнеше көліктің соқтығысқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды
НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Талғар ауданында бес бірдей көлік соқтығысты. Олардың ішінде полицияның арнайы патрульдік автомашинасы да бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, жол апаты бүгін таңғы сағат 08:30-да болған. Бес көліктің соқтығысқан сәті даладағы бейнебақылау камерасына жазылып қалды.
"Subaru Legacy-дің 24 жастағы жүргізушісі Алматы - Көкпек – Көктал тас жолының 26-шақырымында рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сол кезде Kia Cadenza маркалы патрульдік көлікке соғылды. Одан кейін инерциямен Lada Largus, Subaru Outback пен Mitsubishi Galant-ты соқты", - дейді полицейлер.
Жол апаты кезінде патрульдік көлікте болған үш полицей ғана зардап шекті. Оларды Есік қалалық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің көмегінен кейін барлығы үйіне жіберілді.
Қазіргі кезде полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.
жедел жәрдем, полиция - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Оқиға
Алматы облысында жол апатынан бүтін бір отбасы көз жұмды
Жаңалықтар
0