https://sputnik.kz/20220218/almaty-oblysy-zhol-apaty-22910567.html
Алматы облысында жол апатынан бүтін бір отбасы көз жұмды
Алматы облысында жол апатынан бүтін бір отбасы көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Subaru Impreza көлігінің жүргізушісі Өтенай ауылы жанында рөлге ие бола алмай аударылған 18.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-18T15:26+0500
2022-02-18T15:26+0500
2023-08-10T11:58+0500
оқиға
алматы облысы
жол апаты
https://sputnik.kz/img/11/92/119276_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_3731d90eb132b741413871231ce81129.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Алматы облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Олардың ішінде жеті жасар қыз бен бір жасар ұл бар, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.Әлеуметтік желіде жол апатының кадрлары жарияланды. Алматы облыстық полиция департаменті жол апаты кезінде төрт адамның көз жұмғанын хабарлады. Жол апаты 18 ақпанда таңертең Талдықорған-Үштөбе тас жолында болған."Subaru Impreza көлігінің жүргізушісі Өтенай ауылы жанында рөлге ие бола алмай аударылған. Қатты соққыдан көлік өртене бастады. Әйел мен ер адам сол жерде көз жұмды. Кәмелетке толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді. Бір жасар бала ауруханада қайтыс болды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.Кейін жеті жасар қыздың да алған жарақаттан қайтыс болғаны белгілі болды. Жол апатына қатысты сараптамалар тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/11/92/119276_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_3d4ce004cb211b04f01308c2ad13daf6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, жол апаты
Алматы облысында жол апатынан бүтін бір отбасы көз жұмды
15:26 18.02.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) Subaru Impreza көлігінің жүргізушісі Өтенай ауылы жанында рөлге ие бола алмай аударылған
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Алматы облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Олардың ішінде жеті жасар қыз бен бір жасар ұл бар, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде жол апатының кадрлары жарияланды.
Алматы облыстық полиция департаменті жол апаты кезінде төрт адамның көз жұмғанын хабарлады. Жол апаты 18 ақпанда таңертең Талдықорған-Үштөбе тас жолында болған.
"Subaru Impreza көлігінің жүргізушісі Өтенай ауылы жанында рөлге ие бола алмай аударылған. Қатты соққыдан көлік өртене бастады. Әйел мен ер адам сол жерде көз жұмды. Кәмелетке толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді. Бір жасар бала ауруханада қайтыс болды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Кейін жеті жасар қыздың да алған жарақаттан қайтыс болғаны белгілі болды.
Жол апатына қатысты сараптамалар тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.