https://sputnik.kz/20220218/qantar-tragediyasy-zharaqat-balalar-22907270.html
Қаңтар трагедиясы: көз жұмған және жарақат алған балалардың саны жарияланды
Қаңтар трагедиясы: көз жұмған және жарақат алған балалардың саны жарияланды
Sputnik Қазақстан
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, үш өңірде кәмелет жасқа толмаған балалар зардап шекті 18.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-18T13:37+0500
2022-02-18T13:37+0500
2022-05-23T15:14+0500
бала
жарақат
қару-жарақ
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қаңтардағы оқиғалар кезінде қайтыс болған және жарақат алған балалардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркиннің айтуынша, төтенше жағдай кезінде барлығы 2 740 адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың ішінде 1 843-сі бірден үйіне жіберілді. Ал ауруханаға жатқызылған 897 адамның ішінде 188 пациент жансақтау бөліміне түскен. Осы уақытқа дейін 898 адам ауруханадан шығарылды.Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, үш өңірде кәмелет жасқа толмаған балалар зардап шекті."Алматыда екі бала оқтан қаза тапты. Бұдан бөлек, жеті бала оқ жарақатымен ауруханаға түскен. Алматыда – төртеу, Алматы облысында екеу және Жамбыл облысында бір бала", - деп атап өтті Байсеркин.Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде Алматы облысында бір жүкті әйел газ шашқан кезде зардап шеккен.Жарақат алған дәрігерлер де бар. Алматыда бес медицина қызметкері зардап шексе, Шымкент қаласында және Алматы облысында бір дәрігер жарақат алды.Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 20 медициналық мекемеге шабуыл жасалған. 32 көлікке зақым келді. Төртеуі жөндеуге келмейді.
https://sputnik.kz/20220218/qantar-oqigalary-askeri-qyzmetshi-politsey-qyzmet-22897287.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, жарақат, қару-жарақ
бала, жарақат, қару-жарақ
Қаңтар трагедиясы: көз жұмған және жарақат алған балалардың саны жарияланды
13:37 18.02.2022 (жаңартылды: 15:14 23.05.2022) Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, үш өңірде кәмелет жасқа толмаған балалар зардап шекті
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қаңтардағы оқиғалар кезінде қайтыс болған және жарақат алған балалардың санын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркиннің айтуынша, төтенше жағдай кезінде барлығы 2 740 адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың ішінде 1 843-сі бірден үйіне жіберілді. Ал ауруханаға жатқызылған 897 адамның ішінде 188 пациент жансақтау бөліміне түскен. Осы уақытқа дейін 898 адам ауруханадан шығарылды.
"Стационарларда алты адам жатыр. Алматыда және Қызылордада үш-үш адамнан, олардың ішінде оқ жарақатын алған бір адам жансақтау бөлімінде", - деді Байсеркин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, үш өңірде кәмелет жасқа толмаған балалар зардап шекті.
"Алматыда екі бала оқтан қаза тапты. Бұдан бөлек, жеті бала оқ жарақатымен ауруханаға түскен. Алматыда – төртеу, Алматы облысында екеу және Жамбыл облысында бір бала", - деп атап өтті Байсеркин.
Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде Алматы облысында бір жүкті әйел газ шашқан кезде зардап шеккен.
Жарақат алған дәрігерлер де бар. Алматыда бес медицина қызметкері зардап шексе, Шымкент қаласында және Алматы облысында бір дәрігер жарақат алды.
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 20 медициналық мекемеге шабуыл жасалған. 32 көлікке зақым келді. Төртеуі жөндеуге келмейді.