Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтар оқиғасы: 300-ге жуық әскери қызметкер мен полицей қызметін жалғастыра алмайды

© AP Photo / Vladimir TretyakovАлматыдағы тәртіпсіздіктер
Алматыдағы тәртіпсіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Жазылу
Күш құрылымдары қызметкерлері әлі ауруханада емделіп жатыр, олар мүгедек болып қалуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 300-ге тарта әскери қызметкер мен полицей өз қызметін жалғастыра алмайды.
Қаңтар оқиғалары кезінде олар ауыр жарақат алды, соның салдарынан мүгедек болып қалуы мүмкін, деп мәлімдеді ІІМ.
Полицейлерді жерге құлатып, таяқпен, каскамен, қолға түскеннің бәрімен ұрған. Барлығы күш құрылымдарының үш мыңнан астам қызметкері зардап шекті, олардың 273-і әлі аурухана төсегінде жатыр, кейбірі – жансақтау бөлімінде.
"Өкінішке қарай, олар енді жұмыс істей алмайды, мүгедек болып қалды деуге болады", - деді ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Беспорядки в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2022
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғалары: Бас прокуратура тұтқындалғандардың портретін жасады
Қарапайым халықтың ішінде екі мыңға жуық адам ауруханаға жүгінген. Алты жүз адамда – оқ жарақаты, 500-ге жуық адамда – пышақ және тағы басқа үшкір затпен жаншылған жарақат.
Жаңалықтар
0