Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтар оқиғалары: Бас прокуратура тұтқындалғандардың портретін жасады

© AFP 2024 / ABDUAZIZ MADYAROVБеспорядки в Алматы
Беспорядки в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2022
Жазылу
Олардың көбі – жоғары білім мен тұрақты жұмысы жоқ жастар
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен қамауға алынғандардың дені – жоғары білім мен тұрақты жұмысы жоқ жастар. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығы орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бас прокуратура Алматы қаласында тұтқындалған барлық адамның жеке тұлғасын зерделеп, портретін жасаған.

"Олардың көбі – жоғары білім мен тұрақты жұмысы жоқ 30 жасқа дейінгі жастар. Анонимді сауалнама барысында әрбір үшінші бүлікші жағдайды пайдаланып, бөтен мүлікті ұрлау арқылы пайда тапқысы келгенін мойындады", - деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

16 ақпандағы жағдай бойынша Бас прокуратура, ІІМ, ҰҚК және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатқан қылмыстық істер бойынша 741 күдікті сот санкциясымен қамауда отыр.
Олардың қатарында бұған дейін сотталған 113 адам, тыйым салынған экстремистік қозғалыстардың 42 қатысушысы және ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі бар.
Алматы, қаңтар - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2022
Қоғам
Екі мыңнан астам қару әлі де қылмыскерлердің қолында – Бас прокуратура
Жаңалықтар
0