https://sputnik.kz/20220218/perzentkhana-qyzmetkeri-lift-22914477.html
Перзентхана қызметкері лифт шахтасына құлап қайтыс болды - тергеу аяқталды
Перзентхана қызметкері лифт шахтасына құлап қайтыс болды - тергеу аяқталды
Sputnik Қазақстан
50 жастағы перзентхана қызметкері 2021 жылы 31 желтоқсанда жүк көтеретін лифт шахтасына құлап кеткен 18.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-18T17:09+0500
2022-02-18T17:09+0500
2022-02-18T18:15+0500
қоғам
орал
перзентхана
лифт
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16737481_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_1a144653f5b7adf8bb0d21e5ad1abc9e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Оралда перзентханадағы қайғылы жағдайға қатысты тергеу шаралары аяқталды. 2021 жылы 31 желтоқсан күні ол лифт шахтасына құлап, кабинаның астында қысылып қалған. Әйел оқиға орында көз жұмды. Тергеу шаралары бір айдан астам уақыт атқарылды. Оған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары да тартылған болатын. Тексеріс кезінде перзентханадағы алты лифттің үшеуінің де пайдалану мерзімі 2014 жылы аяқталғаны анықталды. Соған қарамастан, үшеуін де пайдалана берген. Бүгінде барлық материал полицияға жіберілді. Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 3-бөлігі (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша іс қозғады. "Қазіргі кезде қажетті сараптамалар атқарылып жатыр. Тергеу шараларының нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады", - деп атап көрсетті полицейлер. Осы бап бойынша бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдар белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айырылуы мүмкін. Айта кетері, бұған дейін Қарағанды қаласындағы медициналық орталықта екі адам – медбике мен егде жастағы пациент құлап кеткен. Ер адам қайтыс болды.
https://sputnik.kz/20210703/Oral-sauda-ui-lift-17523930.html
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16737481_450:0:3181:2048_1920x0_80_0_0_cb40015e497a93dc342b6cae141c12c6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, перзентхана, лифт
Перзентхана қызметкері лифт шахтасына құлап қайтыс болды - тергеу аяқталды
17:09 18.02.2022 (жаңартылды: 18:15 18.02.2022) 50 жастағы перзентхана қызметкері 2021 жылы 31 желтоқсанда жүк көтеретін лифт шахтасына құлап кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Оралда перзентханадағы қайғылы жағдайға қатысты тергеу шаралары аяқталды.
2021 жылы 31 желтоқсан күні ол
лифт шахтасына құлап, кабинаның астында қысылып қалған. Әйел оқиға орында көз жұмды.
Тергеу шаралары бір айдан астам уақыт атқарылды. Оған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары да тартылған болатын. Тексеріс кезінде перзентханадағы алты лифттің үшеуінің де пайдалану мерзімі 2014 жылы аяқталғаны анықталды. Соған қарамастан, үшеуін де пайдалана берген.
"Перинаталдық орталықтың директоры мен шаруашылық бөлімінің меңгерушісі бұзылған лифттерді пайдалануға жол бермеуге тиіс еді. Екеуі де қайғылы оқиғаға жауапты", - дейді облыстың мемлекеттік еңбек инспекторы Қазбек Жұмагереев.
Бүгінде барлық материал полицияға жіберілді. Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 3-бөлігі (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша іс қозғады.
"Қазіргі кезде қажетті сараптамалар атқарылып жатыр. Тергеу шараларының нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады", - деп атап көрсетті полицейлер.
Осы бап бойынша бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдар белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айырылуы мүмкін.
Айта кетері, бұған дейін Қарағанды қаласындағы медициналық орталықта екі адам – медбике мен егде жастағы пациент құлап кеткен. Ер адам қайтыс болды.