Өңірлер

Орал тұрғыны сауда үйінде лифт шахтасына құлап кетті

© Sputnik / Алексей Ничукин / Медиабанкке өтуЛифт, архивтегі сурет
Лифт, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
49 жастағы ер адам жүк тасушы болып жұмыс істейді, қазір ол облыстық ауруханада ем қабылдап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Орал қаласында жүк тасушы сауда үйінде лифт шахтасына құлап кетті. Қазір ол облыстық ауруханада жатыр.

Төтенше жағдай 2 шілде сағат 15:07-де болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 101 пультіне сауда үйінде бір адамның лифт шахтасына құлағаны туралы хабар түсті.

"Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері 49 жастағы ер адамды альпинистік жабдықтың көмегімен құтқарды. Жұмыс толығымен 15.54-де аяқталды. Зардап шеккен азамат жедел жәрдемге тапсырылды", - деді ТЖ департаментіндегілер.

Ер адам жүк тасушы болып істейді екен.

Тағы оқыңыз: Өскеменде лифтіде қайғылы жағдай болды

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алды, миы шайқалып, иығы сынған, денесі көгерген.

Қазір Орал тұрғыны облыстық көпбейінді ауруханада емделіп жатыр.

Жаңалықтар
0