Әлем

Байден Ауғанстанның валюта резервіне қатысты тың шешім қабылдады

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуДжозеф Байден
Джозеф Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Жазылу
Джозей Байден АҚШ-та сақтаулы тұрған ауған Центробанкіне тиесілі қаражатты 11 қыркүйектегі теракт кезінде құрбан болғандардың отбасыларына беру туралы шешім қабылдады.
Алайда ол терактіге қатысқан содырлардың ешқайсысы ауған емес еді. Кабулдағылар бұл шешімге қарсы, наразы халық көшеге шықты, деп жазы РИА Новости.
АҚШ президенті америкалық банктерде сақтаулы тұрған Ауғанстан валюта резервіндегі жеті миллиард долларды бұғаттау туралы жарлыққа қол қойды. Оның ішінде үш жарым миллиард доллларды 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі теракт кезінде мерт болғандардың отбасыларына және туыстарына береді. Екінші жартысын ауған гуманитарлық ұйымдарға бағыттайды.
Әзірше бұл актив Нью-Йорктегі Федералды резерв банкінің арнайы есепшотында сақтаулы тұр. Штат соты рұқсат қағазын ұсынуы керек. Кабулдың тоғыз миллиардтан астам алтын-валюталы резерві бар. АҚШ-та жеті миллиард сақтаулы тұрса, қалғаны Германия, БАӘ мен Швейцарияда. Вашингтон ауған билігі бұл қаражатты соңғы жиырма жылда америкалықтардың арқасында жинағанын бірнеше рет мәлімдеді.
Байден жарлығына БҰҰ наразы. Бас хатшының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик активтердің бұғатын шешуге шақырды. Бұл талап бұған дейін де қойылғанмен, еш нәтиже берген жоқ.
РИА Новости жазғандай, Бейжің реакциясы тіпті өткір болды.
"Ұрылардың әрекеті. Бұл АҚШ ұстанып отырған әлемдегі тәртіп әлсіздер мен әділдікті қорғамайтынын, ол тек Вашингтон гегемониясын қолдайтынын кезекті рет дәлелдеп отыр", - деді ҚХР сыртқыт істер министрлігінде.
Мәскеу де үнсіз қалмады.
"Бұл терактілерді ұйымдастыруға еш қатысы жоқ ауған халқы не себепті сол теракті үшін жауап беруі керек? АҚШ пен оның НАТО бойынша одақтастарының сәтсіз әскери науқанының салдарынан елде қалыптасқан күрделі гуманитарлық ахуалды Вашингтон одан бетер ушықтырып отыр", - деді СІМ ресми өкілі Мария Захарова.
Ал Кабул мен Жәлелабадтағылар наразылық акциясын өткізді. Олар "Ауған халқымен жауласуды доғарыңдар!", "Ауғанстанның қирағаны және мыңдаған ауғанның өлімі үшін АҚШ пен оның одақтастары жауап беруі керек!" деген сынды жазуы бар плакаттар ұстап шықты.
"Ауған қаражатын жымқыру ел мен қоғамда адамгершіліктен жұрнақ та қалмағанын білдіреді", - деп жазды Катардағы тәлібтердің саяси кеңсесінің басшысы Мұхаммед Наим.
АҚШ келісім талаптарын орандамай отыр. Ауғанстандағы сыртқы істер министрі Әмір Хан Мутакидің айтуынша, Вашингтон жаңа ауған үкіметінің мүшелерін қара тізімнен шығарған жоқ, елді қалпына келтуріге көмектесудің орнына оған қарсы санкциялар енгізді.
АҚШ туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Әлем
АҚШ-тың Украинаға баса назар аударуына "Солтүстік ағын-2" себеп – сарапшы
Ресейлік БАҚ-та жазылғандай, елдің бұрынғы билігі алғаш рет тәлібтерді қолдады. Бұрынғы президент Хамид Карзай "болашақ ұрпақ үшін" Вашингтоннан үкіметке емес, ауған халқына тиесілі қаражатты қайтаруды сұрады. Ал бұрынғы Сыртқы істер министрі Мұхаммед Ханиф Атмар "ауғандар да терроризмнің құрбаны екенін және 11 қыркүйекте жазықсыз адамдардың қаза тапқанына шын жүректен қайғыратынын ескерсек, Ауғанстанның өмір сүруіне қажетті резервті пайдалануды әдептен тыс емес және заңсыз әрекет деуге болатынын" айтты.
Джозеф Байден әкімшілігі өткен жылдың 15 тамызында Ауғанстанның мемлекеттік резервтерін бұғаттаған болатын. Америкалықтар президент Ашраф Гани режимінің құлауының алдын ала алмаса да, Кабулға қысым көрсететін құралды өз қолдарында сақтап қалды, деп жазды РИА Новости.
Тәлібтер конгресстен қаражатты кедергісіз басқаруға мүмкіндікті қайтаруға шақырды. Бірақ Ақ үй бұған үміт артудың қажеті жоқ екенін аңғартты. Ресей мен Қытай бұл мәселені саясиландырмауды және "батыс банктерінің есепшоттарындағы ауған ақшасын дереу бұғаттан шығару" қажеттігін атап көрсетті. РФ президенті Владимир Путиннің айтуынша, сонда балаларға көмектесуге, медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді сатып алуға мүмкіндік туады.
"Бұл қару-жарақ сатып алуға жұмсалмайды, негізінен қазір Талибанға Ауғанстанда қару болғаны қажет емес. Ол елде құны миллиардтаған доллар болатын қару-жарақ жатыр", - деген ресейлік көшбасшы америкалықтардың ауған жерінен асығыс кетуі салдарынан елде қалып кеткен әскери техниканы меңзеді.
Вашингтон мен Брюссель саяси талаптарды алға тартты: бұрынғы үкіметпен етене жұмыс істеген ауғандарға рақымшылық жасау, инклюзивті үкімет, қыз балаларға мектепте білім алуды ұйымдастыру.
Тарихи тұрғыдан алғанда ерекше жағдай қалыптасты, деп атап өтті Ресей ғылым академиясы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері, Қазіргі Ауғанстанды зерттеу орталығының директоры Омар Нессар.
"Бір жағынан, тәлібтерді әлі мойындаған жоқ. АҚШ бұл ұжымдық процесс болуы керек деп есептейді. Бұл ойды Ресей де құптап отыр. Екінші жағынан, барлығы Талибанмен* түрлі деңгейде байланыс орнатқан. Кейбір мемлекеттердің елшілері Ауғанстанда жұмыс істеп жатыр, сол сияқты тәлібтердің де дипломатиялық миссиялары бар. Демек, қандай да бір жолмен тәлібтерді мойындау жүріп жатыр. Бірақ мұны ешкім ресми түрде айтпайды", - деп түсіндірді саясаттанушы.
Ауған билігі алтын-валюталы резервті кезекті рет бұғаттан шығаруға тырысып көреді. Бір делегация Еуроодақ пен Парсы шығанағы елдерінің өкілдерімен кездесу үшін Катарға аттанды, екіншісі Ұлыбританияға жол тартты.
РИА Новостиге сұхбат берген сарапшы олардың тәлібтердің ырқына көнуі екіталай екенін айтты.
"АҚШ бұл шешімді қабылдау кезінде ішкі саяси жағдайды басшылыққа алды. Яғни, Байден рейтингінің төмендеуі, Ауғанстаннан кеткені үшін сын айтылуы. Бұл қоғам пікірін өзгертуге деген ұмтылыс. Вашингтон тәлібтерді мойындауға дайын емес екенін білдіріп тұр. Бірақ Кабул үшін аса қатты салдары бола қоймас", - дейді Омар Нессар.
Бұл шешім гуманитарлық жағдайға да әсер етпейді. Ауған еліндегі гуманитарлық ахуал сол ауыр күйде қала бермек, деп жазы РИА Новости.
*Террористік қызметі үшін БҰҰ санкциясы енгізілген ұйым
Жаңалықтар
0