Әлем

АҚШ-тың Украинаға баса назар аударуына "Солтүстік ағын-2" себеп – сарапшы

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАҚШ туы
АҚШ туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Жазылу
Америкалық саясаттанушы Дэвид Хендриксон Ваингтонның Украинаға баса назар аударуының астарында "Солтүстік ағын – 2" жобасы жатқанын жазды
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. 1939-1940 жылдары Мажино сызығының бойында француз бен неміс әскерініңөзара іс-әрекетін тарихта "түсініксіз соғыс"деп сипаттады. Ал Украинадағы қазіргі жағдайды "өте түсініксіз соғыс" деп атауға негіз көп, деп жазды РИА Новости.
Бұл түсініксіз соғыс Украинадан алдымен америкалық әскери нұсқаушылардың, одан кейін британдардың кетуінен басталған. Бірақ батыстағы БАҚ мұны "шағын" Дюнкерк ретінде сипаттап отыр. Әскерилер кімнен қашып жатыр? АҚШ қорғаныс министрі Марк Миллим мен Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес өз әскери контингентін кімнен құтқаруда?
Бен Уоллес осы сұрақтың жауабын беруге тырысып бақты. Ол отбасымен бірге саяхатқа аттанғанына қарамастан, демалысын тоқтатып, тез арада Лондонға қайтуға мәжбүр болды. Лондонға қайтқан Бен Уоллес Sunday Times газетіне ауқымды сұхбат беріп, ауада "Мюнхен лебін" сезіп отырғанын айтты.
Бір қызығы, өткен жылдың тамызында НАТО әскері Ауғанстаннан кеткен кезде сол кездегі сыртқы істер министрі Доминик Рааб демалысын жалғастыра берген еді және оның бұл қылығын әлі ешкім ұмытқан жоқ.
Мақала авторы Уоллес осы ойы арқылы нацистік Германия рөлінде Ресейді көрсетіп, Ұлыбритания "агрессорды" басуда тым жуастық танытып отырғанын меңзеген деп пайымдады. Сонымен қатар Ресей ешбір мемлекеттің аумағына көз тікпегенін және ешкімді басып алмағанын атап өтті. Жалпы Уоллес әдеттегідей екіұдай пікір білдіріп, Ресей Украинаға басып кіруі ықтимал екенін мәлімдеді.
Жексенбіде британдық және америкалық элита осы іспеттес мәлімдемелер легін жасады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Американың Киевтегі елшілігін эвакуациялауды бұйырды. Ұлыбритания да осындай әрекет жасады.
"Негізінен мұндай қадамға белгілі бір мемлекет соғыс қарсаңында тұрғанда ғана барады. Ал соғыс әлі басталар емес. Әскери қақтығысқа түсуге құлшыныс білдірген тараптағы қос қарсылас майдан даласына келмейтін секілді. Мұндай жағдай тарихта бұрын-соңды болмаған", - деп жазды РИА Новости.
Қалыптасқан осы ахуалға қатысты украиндер не ойлайды? Кейбір басылымдар төтенше жағдай туындаған шақта қажет болатын шабадан мен үй жануарларын алып жүруге ыңғайлы әдіс-тәсілді жариялады. Автор The Guardian газетінің жазбаларына тоқталған. Шон Уокер жексенбідегі репортажында жұманың кешінде Киевтегі атмосфера әдеттегідей бірқалыпты болғанын, ал қала тұрғындары "Ресейдің Украинаға басып кіруін шындыққа жанаспайтын ақпарат" деп қабылдайтынын жазған.
Украина президенті батыс журналистеріне үндеу жолдап, олардан "ресейлік шабуылдың жүз проценттік айнымас дәлелін ұсынуды талап еткенін" атап көрсетті. Бірақ оған ешкім, журналистер де, батыстағы БАҚ иелері де, Байден де, Джонсон да, тіпті Орталық барлау қызметі де жауап қатпады. Осылайша соғыс басталды ма, әлде жоқ па, мұны Украина әлі өзі де түсіне алмай отыр.
Сенбіде АҚШ Әскери-теңіз күштеріне қарасты суасты қайығы Ресей бақылауындағы аймақтық суға өтіп кетті. Субмарина командирі Куриль аралын Украинамен шатастырып алғанын айтқан. Ресейлік "Маршал Шапошников" фрегаты арнайы құралды қолдану арқылы америкалық сүңгуірді өз бағытын реттеуге мәжбүрледі.
Америкалық саясаттанушы Дэвид Хендриксон Ваингтонның Украинаға баса назар аударуының астарында "Солтүстік ағын – 2" жобасы жатқанын жазды. Сарапшының пікірінше, газ құбырының іске қосылуына жол бермеу үшін АҚШ кез келген әрекетке баруға дайын.
Мақала авторының пікірінше, америкалықтар мен британдар санаулы сағатта дүниежүзілік соғысқа айналуы мүмкін әскери қақтығысты арандатып отыр.
"Мұндай соғысқа қатысудан украиндер не ұтады? 2014 жылғы мемлекеттік төңкеріс сәтсіздікке ұшырағаннан кейін бұл халық одан кейінгі іс-қимылдан бас тартуы керек еді. Әлі де кеш емес. Жазықсыз халықтың қаны төгілмей тұрғанда, кері шегінуге мүмкіндік бар", - деп жазды ол.
Жаңалықтар
0