https://sputnik.kz/20220217/qazaqstan-terminal-siriya-sodyrlar-aqsha-22879948.html
Қазақстанда терминал арқылы Сириядағы содырларға ақша аударып келген азамат анықталды
Қазақстанда терминал арқылы Сириядағы содырларға ақша аударып келген азамат анықталды
Sputnik Қазақстан
Тағы бір қазақстандық интернет көмегімен есірткі сатып, ақшаны төлем терминалдары арқылы алып отырған 17.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-17T16:08+0500
2022-02-17T16:08+0500
2023-08-09T12:48+0500
қоғам
сирия
ақша
азамат
содыр
https://sputnik.kz/img/158/45/1584585_0:158:3205:1960_1920x0_80_0_0_1b878d071d308ff8e1fd6f7416d4409b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігі QIWI-әмиян көмегімен сириялық содырларға демеуші болған азаматты анықтады.Тергеу көрсеткендей, азамат Сириядағы содырлардың шетелдік QIWI-әмиянына жүйелі түрде ақша аударып келген.Мұндай электронды әмияндар басқа да қылмыстық схемаларда қолданылады. Өйткені құпиялылық бар.Мәселен, қазақстандықтардың бірі әлеуметтік желілерде есірткіні жарнамалап, ақшаны төлем терминалдары арқылы алған. Сатушы төрт ай ішінде бірдей сомада 450 ақша аударымын алып үлгеріпті.Агенттік Қазақстанда қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінде тіркелмеген төлем ұйымдары бар екенін атап өтті.Олар WEB-СФМ жүйесінде тіркеліп, шекті және күмәнді операциялар жайлы агенттікке дер кезінде хабар беруі қажет.
https://sputnik.kz/20220211/aqsha-ayyrbastay-punkter-terrorizm-22710930.html
сирия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/158/45/1584585_190:0:3013:2117_1920x0_80_0_0_359c0ee7a4bd9dcaf1f1d3532d7c8ed9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сирия, ақша, азамат, содыр
сирия, ақша, азамат, содыр
Қазақстанда терминал арқылы Сириядағы содырларға ақша аударып келген азамат анықталды
16:08 17.02.2022 (жаңартылды: 12:48 09.08.2023) Тағы бір қазақстандық интернет көмегімен есірткі сатып, ақшаны төлем терминалдары арқылы алып отырған
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігі QIWI-әмиян көмегімен сириялық содырларға демеуші болған азаматты анықтады.
Тергеу көрсеткендей, азамат Сириядағы содырлардың шетелдік QIWI-әмиянына жүйелі түрде ақша аударып келген.
"Айта кетері, азаматтың күмәнді операциялары жайлы алғашқы ақпарат QIWI-дің өзінен түсті. Соның арқасында құқық қорғау органдары жедел ден қойып, терроризмді қаржыландыру схемасын жойды", - деп мәлімдеді агенттік.
Мұндай электронды әмияндар басқа да қылмыстық схемаларда қолданылады. Өйткені құпиялылық бар.
Мәселен, қазақстандықтардың бірі әлеуметтік желілерде есірткіні жарнамалап, ақшаны төлем терминалдары арқылы алған. Сатушы төрт ай ішінде бірдей сомада 450 ақша аударымын алып үлгеріпті.
Агенттік Қазақстанда қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінде тіркелмеген төлем ұйымдары бар екенін атап өтті.
Олар WEB-СФМ жүйесінде тіркеліп, шекті және күмәнді операциялар жайлы агенттікке дер кезінде хабар беруі қажет.