https://sputnik.kz/20220211/aqsha-ayyrbastay-punkter-terrorizm-22710930.html
Ақша айырбастау пунктерін терроризмді қаржыландыру үшін пайдалануы мүмкін – агенттік
Ақша айырбастау пунктерін терроризмді қаржыландыру үшін пайдалануы мүмкін – агенттік
Sputnik Қазақстан
Ірі сомадағы қолма-қол ақша көп жағдайда оның қылмыстық жолмен алынғанын білдіреді 11.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-11T14:04+0500
2022-02-11T14:04+0500
2022-02-11T14:04+0500
экономика
ақша айырбастау
терроризм
қаржыландыру
https://sputnik.kz/img/1305/67/13056713_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_c005662a9d8b4b44fffd63a6b6f33e85.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Қазақстанда айырбастау пунктері терроризмді қаржыландыру үшін пайдаланылуы мүмкін, деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігі.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 500 мың теңгеден асатын сомаға валюта айырбастаған кезде айырбастау пунктері клиенттің жеке куәлігі мен тұратын мекенжайын талап етуге тиіс. Егер операция сомасы 500 мың теңгеге дейін болса, клиент тек жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.Ведомство мәліметінше, мұндай талап қылмыстық кірісті заңдастыруға жол бермеу мақсатында қойылып отыр.Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң айырбастау пунктерін клиенттерді сәйкестендіріп қана қоймай, ішкі бақылау қағидаларын әзірлеуге және бекітуге, терроризммен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімін қадағалауға, сондай-ақ күмәнді операциялар туралы Қаржы мониторингі агенттігіне хабарлауға міндеттейді.Күмәнді операцияларға ірі сомадағы қолма-қол ақшаны тұрақты айырбастау, үшінші тұлғалардың қатысуымен валюта айырбастау, сырт келбеті күдік тудыратын адамдардың, терроризмді қаржыландыру тәуекелі жоғары елдерден келген шетелдіктердің валюта айырбастауы жатады.Бірақ, агенттіктің ақпаратынша, Қазақстанда қаржы операциялары туралы деректерді жинау жүйесінде тіркелмеген айырбастау пунктері де бар.Олар:Қаржы мониторингі агенттігі осы айырбастау пунктеріне WEB-СФМ порталында дереу тіркелуге және заң талаптарын сақтауға кеңес берді."Заң талаптарын орындамау, оның ішінде күмәнді операциялар жайлы хабарлама жібермеу кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қатысу ретінде бағалануы мүмкін. Бұл үшін заңнамада жауапкершілік көзделген, соның ішінде лицензияны қайтарып алу да бар. Ірі сомадағы қолма-қол ақша көбіне оның қылмыстық жолмен алынғанын білдіреді", - деп ескертті агенттік.Ведомство айырбастау пунктерінің барлық иесін шекті және күмәнді операциялар туралы уақтылы хабарлауға шақырды.Айта кетері, Ұлттық банк былтыр 134 айырбастау пунктін жауапкершілікке тартқан.
https://sputnik.kz/20220119/ayyrbastau-operatsiyalar-tsifrlyk-zhattar-19171996.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1305/67/13056713_101:0:2830:2047_1920x0_80_0_0_805970ac6ac04a26ca6e1714a58cba30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақша айырбастау, терроризм, қаржыландыру
ақша айырбастау, терроризм, қаржыландыру
Ақша айырбастау пунктерін терроризмді қаржыландыру үшін пайдалануы мүмкін – агенттік
Ірі сомадағы қолма-қол ақша көп жағдайда оның қылмыстық жолмен алынғанын білдіреді
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Қазақстанда айырбастау пунктері терроризмді қаржыландыру үшін пайдаланылуы мүмкін, деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігі.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 500 мың теңгеден асатын сомаға валюта айырбастаған кезде айырбастау пунктері клиенттің жеке куәлігі мен тұратын мекенжайын талап етуге тиіс. Егер операция сомасы 500 мың теңгеге дейін болса, клиент тек жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
Ведомство мәліметінше, мұндай талап қылмыстық кірісті заңдастыруға жол бермеу мақсатында қойылып отыр.
"Алайда Қазақстанда қазір жағдай басқаша. Айырбастау пунктерінің бәрі бұл ережелерді сақтай бермейді, яғни өз клиентін сәйкестендірмейді", - деп мәлімдеді агенттік.
Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң айырбастау пунктерін клиенттерді сәйкестендіріп қана қоймай, ішкі бақылау қағидаларын әзірлеуге және бекітуге, терроризммен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімін қадағалауға, сондай-ақ күмәнді операциялар туралы Қаржы мониторингі агенттігіне хабарлауға міндеттейді.
Күмәнді операцияларға ірі сомадағы қолма-қол ақшаны тұрақты айырбастау, үшінші тұлғалардың қатысуымен валюта айырбастау, сырт келбеті күдік тудыратын адамдардың, терроризмді қаржыландыру тәуекелі жоғары елдерден келген шетелдіктердің валюта айырбастауы жатады.
Бірақ, агенттіктің ақпаратынша, Қазақстанда қаржы операциялары туралы деректерді жинау жүйесінде тіркелмеген айырбастау пунктері де бар.
Қаржы мониторингі агенттігі осы айырбастау пунктеріне WEB-СФМ порталында дереу тіркелуге және заң талаптарын сақтауға кеңес берді.
"Заң талаптарын орындамау, оның ішінде күмәнді операциялар жайлы хабарлама жібермеу кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қатысу ретінде бағалануы мүмкін. Бұл үшін заңнамада жауапкершілік көзделген, соның ішінде лицензияны қайтарып алу да бар. Ірі сомадағы қолма-қол ақша көбіне оның қылмыстық жолмен алынғанын білдіреді", - деп ескертті агенттік.
Ведомство айырбастау пунктерінің барлық иесін шекті және күмәнді операциялар туралы уақтылы хабарлауға шақырды.
Айта кетері, Ұлттық банк былтыр 134 айырбастау пунктін жауапкершілікке тартқан.