Мәдениет

Берлиндегі кинофестивальде қазақстандық фильм Гран-при жеңіп алды

© PhotoЖасөспірімдер, архивтегі фото
Жасөспірімдер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Жазылу
Кинофестивальде бірден үш қазақстандық фильм көрсетілді
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстандық режиссер Фархат Шәріповтың "Схема" фильмі халықаралық Берлин кинофестивалінің Generation секциясында Гран-при жеңіп алды. Бұл туралы фестиваль сайтында хабарланды.
Фильмге фестивальдің ең жоғары марапаты – "Хрусталь аю" және 14 жастан асқан жастарға арналған фильмдер ұсынылған Generation 14+ секциясында 7500 еуро көлеміндегі сыйақы берілді.
Фархат Шәріпов бұл фильмнің режиссері ғана емес, сценарийін де жазған.
"Схема" – "18 килогерц" фильмінің тұжырымдамалық жалғасы. Фильмнің басты кейіпкерлері – жасөспірім қыздар. Фильмнің сюжеті жасөспірімдердің қатыгез ойынына негізделген. Бұл құбылыстың қорқыныштыекені әрі кең тарағаны сонша, маған фильмді түсіру және бейтарап көзқараста болу қиынға соқты", - дейді Шәріпов.
Фильм Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген. 2020 жылдың күзінде басталған түсірілім Алматыда өтті.
Фильмдегі басты рөлдерді дебютант актерлер Виктория Романова мен Таир Свинцов сомдады.
Фильм 2022 жылдың күзінде прокатқа шығады деп жоспарланған.
Айта кетері, қатысушылар арасында үш қазақстандық фильм бар. "Схемадан" бөлек, Асқар Ұзабаевтың "Бақыт" фильмі мен "Форум" секциясына қатысып жатқан Дәрежан Өмірбаевтың "Ақын" фильмі ұсынылды.
66-й Берлинский международный кинофестиваль. День десятый - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2021
Мәдениет
"Ақын" фильмі Берлин кинофестивалінің бағдарламасына енді
Жаңалықтар
0