Мәдениет

"Ақын" фильмі Берлин кинофестивалінің бағдарламасына енді

© РИА Новости / Медиабанкке өту66-й Берлинский международный кинофестиваль. День десятый
66-й Берлинский международный кинофестиваль. День десятый - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Фильмнің сценарийі неміс жазушысы Герман Гессенің "Авторлық кеш" атты автобиографиялық әңгімесі желісімен жазылған
НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Режиссер Дәрежан Өмірбаевтың "Ақын" фильмі Берлин кинофестивалінің беделді бағдарламасына қатысады.
2022 жылы ақпан айының 10-ы мен 20-ы аралығында өтетін 72-ші халықаралық Берлин кинофестивалі "Форум" атты беделді бағдарламасына қатысатын бірнеше фильмдердің тізімін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық туынды режиссер Дарежан Өмірбаевтың  "Ақын" фильмі де бар.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қолдауымен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Ақын" фильмі технологиялар дамыған қазіргі заманда өнердің қоғамда алатын орны туралы ой қозғап, поэзияға сұраныс азайған дәуірде ақынның күйініші туралы сыр шертеді.
Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлының қилы тағдыры жайында ойға батқан басты кейіпкер нәзік жүректі ақындардың өмірі қашан да қиын болғанын түсінеді.
Фильмнің сценарийі неміс жазушысы Герман Гессенің "Авторлық кеш" атты автобиографиялық әңгімесі желісімен жазылған. Фильмдегі басты рөлді "Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев сомдайды.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0