https://sputnik.kz/20220216/nazarbaevtar-otbasynyn-sheteldegi-shottary-tekserilip-zhatyr-ma--antikor-zhauaby-22834054.html
Назарбаевтар отбасының шетелдегі шоттары тексеріліп жатыр ма – агенттік басшысының жауабы
Назарбаевтар отбасының шетелдегі шоттары тексеріліп жатыр ма – агенттік басшысының жауабы
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда мұндай тексеріске негіз жоқ, деп мәлімдеді агенттік басшысы 16.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-16T11:38+0500
2022-02-16T11:38+0500
2022-02-16T11:40+0500
назарбаев
отбасы
https://sputnik.kz/img/661/38/6613874_0:193:3681:2263_1920x0_80_0_0_cf287f4d9ef0b342663f1150792a62a8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Назарбаевтар отбасына тиесілі офшорлық ақшаның заңдылығы тексеріліп жатыр ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, тексеріс жүргізу үшін құқықтық негіздеме қажет."Ол үшін қылмыстық іс қозғалып, ақшаның қылмыстылығы анықталуы керек. Егер басқа мемлекетте екені анықталса (…), тек осыдан кейін ғана – ол мемлекет салмақты дәлелдер ұсынғаннан кейін тексеруге болады. Қазір тексеріс жүргізіліп жатқан жоқ. Қылмыстық іс те өндірісте жоқ", - деді Ахметжанов мәжіліс кулуарында.Айта кетері, шетелдік БАҚ Назарбаевтар отбасына тиесілі ақшаның заңсыз жиналғанын бірнеше мәрте хабарлаған еді. Атап айтқанда, Елбасының кіші қызы Әлия Назарбаева 300 миллион долларды Қазақстаннан заңсыз шығарғаны айтылды.Қазір Қазақстан құқықтық көмек көрсету туралы 68 екіжақты келісімшартты ратификациялады.Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева мәжіліс отырысына келмеді: себебі белгілі болды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/661/38/6613874_202:0:3477:2456_1920x0_80_0_0_9fc9ae28463f2688423be58320c5f4fd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев, отбасы
Назарбаевтар отбасының шетелдегі шоттары тексеріліп жатыр ма – агенттік басшысының жауабы
11:38 16.02.2022 (жаңартылды: 11:40 16.02.2022) Қазіргі таңда мұндай тексеріске негіз жоқ, деп мәлімдеді агенттік басшысы
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Назарбаевтар отбасына тиесілі офшорлық ақшаның заңдылығы тексеріліп жатыр ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, тексеріс жүргізу үшін құқықтық негіздеме қажет.
"Ол үшін қылмыстық іс қозғалып, ақшаның қылмыстылығы анықталуы керек. Егер басқа мемлекетте екені анықталса (…), тек осыдан кейін ғана – ол мемлекет салмақты дәлелдер ұсынғаннан кейін тексеруге болады. Қазір тексеріс жүргізіліп жатқан жоқ. Қылмыстық іс те өндірісте жоқ", - деді Ахметжанов мәжіліс кулуарында.
Айта кетері, шетелдік БАҚ Назарбаевтар отбасына тиесілі ақшаның заңсыз жиналғанын бірнеше мәрте хабарлаған еді. Атап айтқанда, Елбасының кіші қызы Әлия Назарбаева 300 миллион долларды Қазақстаннан заңсыз шығарғаны айтылды.
Қазір Қазақстан құқықтық көмек көрсету туралы 68 екіжақты келісімшартты ратификациялады.