https://sputnik.kz/20220216/dariga-nazarbaeva-mazhilis-otyrysyna-kelmedi-sebebi-belgili-boldy-22829713.html
Дариға Назарбаева мәжіліс отырысына келмеді: себебі белгілі болды
Дариға Назарбаева мәжіліс отырысына келмеді: себебі белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Қазір өтіп жатқан жалпы отырыстан кейін парламентшілер сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге аттанады 16.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-16T09:42+0500
2022-02-16T09:42+0500
2022-02-16T09:51+0500
дариға назарбаева
қоғам
коронавирус
https://sputnik.kz/img/07e5/05/1a/17166149_0:130:3072:1858_1920x0_80_0_0_6897adf2cd7c3fb079ed15dbd2b366a9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. 16 ақпанда өтіп жатқан мәжілістің жалпы отырысына депутат Дариға Назарбаева қатыспады."Депутат жалақысы сақталмайтын еңбек демалысынан әлі келмеді", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметі.Бұған дейін экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі коронавирус инфекциясынан кейін оңалту курсынан өтіп жатуына байланысты қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болатыны хабарланған еді.Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева жыл басынан бері парламентке келмеді. Дариға Назарбаева президент жаңа премьер-министрдің есімін жариялаған кезде де, Нұрлан Нығматулиннің орнына мәжілістің жаңа спикері болып Ерлан Қошанов сайланғанда да отырысқа қатыспады.Мәжілістің жетінші шақырылымында Назарбаева экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып жұмыс істейді. Комитет басшысы Альберт Рау Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында бұған дейін Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және тек дәлелді себептермен жұмыста болмағанын хабарлаған болатын.Ал басқа әріптестері Назарбаеваның депутаттық мандатын тапсыратын кез келді деген пікір білдірді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/1a/17166149_285:0:3016:2048_1920x0_80_0_0_a75bb1eef76823fd84d20dfe4d5fb208.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дариға назарбаева, коронавирус
дариға назарбаева, коронавирус
Дариға Назарбаева мәжіліс отырысына келмеді: себебі белгілі болды
09:42 16.02.2022 (жаңартылды: 09:51 16.02.2022) Қазір өтіп жатқан жалпы отырыстан кейін парламентшілер сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге аттанады
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. 16 ақпанда өтіп жатқан мәжілістің жалпы отырысына депутат Дариға Назарбаева қатыспады.
"Депутат жалақысы сақталмайтын еңбек демалысынан әлі келмеді", - деп хабарлады
Sputnik Қазақстан тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметі.
Бұған дейін экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі коронавирус инфекциясынан кейін оңалту курсынан өтіп жатуына байланысты қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болатыны хабарланған еді.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева жыл басынан бері парламентке келмеді. Дариға Назарбаева президент жаңа премьер-министрдің есімін жариялаған кезде де, Нұрлан Нығматулиннің орнына мәжілістің жаңа спикері болып Ерлан Қошанов сайланғанда да отырысқа қатыспады.
Мәжілістің жетінші шақырылымында Назарбаева экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып жұмыс істейді. Комитет басшысы Альберт Рау Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында бұған дейін Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және тек дәлелді себептермен жұмыста болмағанын хабарлаған болатын.
Ал басқа әріптестері Назарбаеваның депутаттық мандатын тапсыратын кез келді деген пікір білдірді.