Оқиға

Бір адам көз жұмды: Түркістан облысында мектеп қазандығы жарылды – видео

© Photo : Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментіТүркістан облысында мектеп қазандығы жарылды
Түркістан облысында мектеп қазандығы жарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2022
Жазылу
Полицейлер тексеріс шараларын бастағаны хабарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Түркістан облысы Ошақты елді мекенінде болған жарылыстан қазандықтың төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 8:05-те Сайрам ауданындағы Ошақты елді мекенінде орналасқан шағын жинақты мектептің қазандығы жарылған. Мектептен бөлек тұрған құрылыс нысанының төбесі орылып түскен.
"Бу қазандығы жарылды. Өрт шыққан жоқ. 20 шаршы метрді құрайтын нысанның төбесі құлады. Оқиға орнында 1963 жылы туған пеш жағушы қайтыс болды", - дейді құтқарушылар.
Төтенше жағдайлар қызметі екі көлікпен барған. Өрт сөндірушілер шақырылған жоқ. Полицейлер тексеріс шараларын бастағаны хабарланып отыр.
Сгоревшие на пожаре в Казахстане овцы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Оқиға
Түркістан облысында өрттен қойшы көз жұмып, мал қырылды – видео
Жаңалықтар
0