Оқиға

Түркістан облысында өрттен қойшы көз жұмып, мал қырылды – видео

© Photo : МЧС КазахстанаСгоревшие на пожаре в Казахстане овцы
Сгоревшие на пожаре в Казахстане овцы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Жазылу
Ғимараттың бірінші қабатында мал, ал екінші қабатында шөп тұрған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысындағы өрт салдарынан мыңнан астам қой қырылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
31 қаңтарда сағат 7.15-те Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимарат өртенді. 
Ғимараттың бірінші қабатында мал, ал екінші қабатында шөп тұрған болатын.
Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен.
Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға болған жерден қойшының денесі табылды.
Өрт сағат 10.23-те сөндірілді. Өрт аумағының жалпы көлемі анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0