Экономика

Салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылды

© Photo : pixabay/ds_30Бухгалтерский отчет, иллюстративное фото
Бухгалтерский отчет, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2022
Жазылу
"Салық төлеуші кабинеті" Web-қосымшасының жұмысында техникалық ақаулар тіркелді
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті салық есептілігін ұсыну мерзімін 18 ақпанға дейін ұзартты.
Комитеттің хабарлауынша, жүктеменің өсуіне байланысты "Салық төлеуші кабинеті" Web-қосымшасының жұмысында техникалық ақаулар тіркелді.
"Салық төлеуші кабинеті" Web-қосымшасында қалпына келтіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр". - делінген хабарламада
Осыған байланысты салық есептілігін ұсыну мерзімі 3 жұмыс күнге, яғни "2022 жылғы 18 ақпанды" қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды.
Налоговый кодекс РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2021
Экономика
Есепшот бұғатталмайды: бизнесті қолдау үшін Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілді
Жаңалықтар
0