https://sputnik.kz/20220215/qazaqstandyq-investorlar-aqshalaryn-ofshorga-auystyryp-zhatyr-22798788.html
Қазақстандық инвесторлар ақшаны офшорға ауыстырып жатыр
Қазақстандық инвесторлар ақшаны офшорға ауыстырып жатыр
Sputnik Қазақстан
Елден шығарылған қаражаттың көбі Кайман аралдарына бағытталған 15.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-15T11:26+0500
2022-02-15T11:26+0500
2022-02-15T14:32+0500
экономика
шетелдік инвесторлар
https://sputnik.kz/img/07e5/07/09/17562241_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_3e272441a489f5ea6ca678d494011c51.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан — Sputnik. 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында қазақстандық инвесторлардың шетелге тікелей инвестицияларының жалпы ағыны 1,5 млрд АҚШ долларын құрады. Ranking.kz хабарлағандай, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстаннан шетелге тікелей инвестициялардың ығысуы 35,8%-ке өсті. Қазақстандық тікелей инвесторлардың шетелге инвестициясының жалпы көлемінің 1 миллиард доллардан астамы қаржы және сақтандыру қызметі саласындағы инвестицияларға бағытталған. Бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңімен салыстырғанда 85,8%-ке артық. Одан кейінгі орында кәсіби және ғылыми техникалық қызмет (117,4 миллион доллар) және үй қызметкерлерін жалдайтын және өз тұтынуына арналған тауарлар мен қызметтерді өндіретін үй шаруасы қызметі (96,7 миллион доллар) тұр. Отандық инвесторлар капитал жөнелтіп жатқан елдердің ішінде офшорлар көп қолданылған.Мысалы, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде салымдардың ең үлкен көлемі Кайман аралдарына тиесілі: 637,5 миллион доллар. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 3 есе жуық көп. Бұдан соң Ресей (253,1 миллион доллар) тұр. Үштікті тағы бір офшор - Сейшел аралдары (176,6 миллион доллар) тұйықтап отыр.Сейшел аралдарына қазақстандық инвестицияның жалпы көлемі 2021 жылдың үшінші тоқсанында жіберілгені белгілі болды. Бұл үшінші тоқсандағы шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің төрттен бір бөлігі. Ал жалпы қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіші 11,7% болып отыр. Негізінен бұған дейін бұл бағыт аса танымал емес болатын. Ал Кайман аралдарының үлесі, керісінше, тұрақты өсті: 2011 жылы ол небәрі 0,1%-ті құраса, 2020 жылға қарай 23,3%-ке дейін ұлғайды. 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айының соңына қарай бұл бағыттың үлесі 42,2%-ке жетті. Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елден заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Ол үкіметке екі ай уақыт берген болатын.
https://sputnik.kz/20220214/qolma-qol-aqsha-5-mln-dollar-zanbuzushylyq-22775339.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/09/17562241_23:0:1730:1280_1920x0_80_0_0_6d673d30c0713e4e7643400d13d6fd23.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шетелдік инвесторлар
Қазақстандық инвесторлар ақшаны офшорға ауыстырып жатыр
11:26 15.02.2022 (жаңартылды: 14:32 15.02.2022) Елден шығарылған қаражаттың көбі Кайман аралдарына бағытталған
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан — Sputnik. 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында қазақстандық инвесторлардың шетелге тікелей инвестицияларының жалпы ағыны 1,5 млрд АҚШ долларын құрады.
Ranking.kz хабарлағандай, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстаннан шетелге тікелей инвестициялардың ығысуы 35,8%-ке өсті.
Қазақстандық тікелей инвесторлардың шетелге инвестициясының жалпы көлемінің 1 миллиард доллардан астамы қаржы және сақтандыру қызметі саласындағы инвестицияларға бағытталған. Бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңімен салыстырғанда 85,8%-ке артық.
Одан кейінгі орында кәсіби және ғылыми техникалық қызмет (117,4 миллион доллар) және үй қызметкерлерін жалдайтын және өз тұтынуына арналған тауарлар мен қызметтерді өндіретін үй шаруасы қызметі (96,7 миллион доллар) тұр. Отандық инвесторлар капитал жөнелтіп жатқан елдердің ішінде офшорлар көп қолданылған.
Мысалы, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде салымдардың ең үлкен көлемі Кайман аралдарына тиесілі: 637,5 миллион доллар. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 3 есе жуық көп. Бұдан соң Ресей (253,1 миллион доллар) тұр. Үштікті тағы бір офшор - Сейшел аралдары (176,6 миллион доллар) тұйықтап отыр.
Сейшел аралдарына қазақстандық инвестицияның жалпы көлемі 2021 жылдың үшінші тоқсанында жіберілгені белгілі болды.
Бұл үшінші тоқсандағы шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің төрттен бір бөлігі. Ал жалпы қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіші 11,7% болып отыр. Негізінен бұған дейін бұл бағыт аса танымал емес болатын. Ал Кайман аралдарының үлесі, керісінше, тұрақты өсті: 2011 жылы ол небәрі 0,1%-ті құраса, 2020 жылға қарай 23,3%-ке дейін ұлғайды. 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айының соңына қарай бұл бағыттың үлесі 42,2%-ке жетті.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елден заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Ол үкіметке екі ай уақыт берген болатын.