https://sputnik.kz/20220214/qolma-qol-aqsha-5-mln-dollar-zanbuzushylyq-22775339.html
Қолма-қол ақшаны шетелге шығару: 5 млн долларға жуық заңбұзушылық анықталды
Қолма-қол ақшаны шетелге шығару: 5 млн долларға жуық заңбұзушылық анықталды
Sputnik Қазақстан
Тоқаев заңсыз иемделген активтерді Қазақстанға қайтару жұмыстарын тұлғаның кім екеніне және лауазымына қарамай жүргізуді тапсырды 14.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-14T14:16+0500
2022-02-14T14:16+0500
2022-02-14T14:16+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
ақша
заң бұзу
https://sputnik.kz/img/1303/92/13039254_0:1:2995:1686_1920x0_80_0_0_a64edd93cf5cc0773c55a0e8ea219d74.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Қолма-қол ақшаны Қазақстаннан заңсыз шығару бойынша 5 миллион АҚШ долларына жуық заңбұзушылық анықталған. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Ақорда.Агенттік төрағасы президент тапсырмаларының орындалуына қатысты атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді. Ведомство капиталды заңсыз шығаруға жол бермеу мақсатында қаржы реттеушілерімен бірлесіп, күмәнді трансшекаралық аударымдарға күшейтілген мониторинг жасау ісін жолға қойған.Тоқаевқа биыл тоқтатылған күдікті операциялардың саны 3 еседен асқаны және олардың жалпы құны 150 млрд теңгеге жуық екені баяндалды. Осы деректер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Агенттіктің мәліметі бойынша шетелге ақша шығарудың күрт көбейгені байқалмайды. Керісінше биыл шетелге аударылған қаржы 30 пайызға азайған.Сонымен қатар Қазақстан-қытай шекарасында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үш аптаның ішінде тауарды заңсыз әкелу фактілері бойынша 8 қылмыстық және 24 әкімшілік іс қозғалды.Нәтижесінде, тауар импорты көлемінің азаюына қарамастан, биылғы қаңтар айында бюджетке түскен кедендік төлемдер мен салықтардың мөлшері 20 пайызға (26,6-дан 31,7 миллиард теңгеге дейін) өсті.Сонымен қатар мемлекет басшысына қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, "Тариф" жобасы бойынша коммуналдық қызметтердің 17 миллиард теңгеге өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін 1,3 миллион азаматтың негізсіз шығынына жол берілмеді. 13 іс қозғалды (сумен жабдықтау – 8, газбен жабдықтау – 3, жылумен жабдықтау – 2).Президент жариялаған Балалар жылы аясында Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп, "Қамқор" жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын қорғауға бағытталған. Нәтижесінде 45 іс бойынша 800 жетім баланың құқығы қорғалды.Кездесу қорытындысы бойынша Тоқаев көлеңкелі экономикаға қарсы күресу үшін агенттік төрағасына тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді. Президент заңсыз иемделген активтерді, соның ішінде шетелден іздеуге баса мән беру қажет екенін, сондай-ақ оларды Қазақстанға қайтару жұмыстарын жандандыру керектігін айтты. Бұл жұмыстардың бәрі тұлғаның кім екеніне және лауазымына қарамай жүргізілуге тиіс.
https://sputnik.kz/20220128/Tokaev-bastamas-kapital-19237461.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1303/92/13039254_147:0:2814:2000_1920x0_80_0_0_f40df682e6d681c686b023d16a2a44ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ақша, заң бұзу
қасым-жомарт тоқаев, ақша, заң бұзу
Қолма-қол ақшаны шетелге шығару: 5 млн долларға жуық заңбұзушылық анықталды
Тоқаев заңсыз иемделген активтерді Қазақстанға қайтару жұмыстарын тұлғаның кім екеніне және лауазымына қарамай жүргізуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Қолма-қол ақшаны Қазақстаннан заңсыз шығару бойынша 5 миллион АҚШ долларына жуық заңбұзушылық анықталған. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың кездесуінде айтылды, деп хабарлайды
Ақорда. Агенттік төрағасы президент тапсырмаларының орындалуына қатысты атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді. Ведомство капиталды заңсыз шығаруға жол бермеу мақсатында қаржы реттеушілерімен бірлесіп, күмәнді трансшекаралық аударымдарға күшейтілген мониторинг жасау ісін жолға қойған.
Тоқаевқа биыл тоқтатылған күдікті операциялардың саны 3 еседен асқаны және олардың жалпы құны 150 млрд теңгеге жуық екені баяндалды. Осы деректер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Агенттіктің мәліметі бойынша шетелге ақша шығарудың күрт көбейгені байқалмайды. Керісінше биыл шетелге аударылған қаржы 30 пайызға азайған.
Жанат Элимановтың айтуынша, мүдделі органдармен бірлесіп, қолма-қол валютаны заңсыз шығаруға бақылау күшейтілген. Жалпы сомасы 5 миллион АҚШ долларына жуық заң бұзушылық анықталған.
Сонымен қатар Қазақстан-қытай шекарасында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үш аптаның ішінде тауарды заңсыз әкелу фактілері бойынша 8 қылмыстық және 24 әкімшілік іс қозғалды.
Нәтижесінде, тауар импорты көлемінің азаюына қарамастан, биылғы қаңтар айында бюджетке түскен кедендік төлемдер мен салықтардың мөлшері 20 пайызға (26,6-дан 31,7 миллиард теңгеге дейін) өсті.
Сонымен қатар мемлекет басшысына қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, "Тариф" жобасы бойынша коммуналдық қызметтердің 17 миллиард теңгеге өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін 1,3 миллион азаматтың негізсіз шығынына жол берілмеді. 13 іс қозғалды (сумен жабдықтау – 8, газбен жабдықтау – 3, жылумен жабдықтау – 2).
Президент жариялаған Балалар жылы аясында Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп, "Қамқор" жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын қорғауға бағытталған. Нәтижесінде 45 іс бойынша 800 жетім баланың құқығы қорғалды.
Кездесу қорытындысы бойынша Тоқаев көлеңкелі экономикаға қарсы күресу үшін агенттік төрағасына тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді. Президент заңсыз иемделген активтерді, соның ішінде шетелден іздеуге баса мән беру қажет екенін, сондай-ақ оларды Қазақстанға қайтару жұмыстарын жандандыру керектігін айтты. Бұл жұмыстардың бәрі тұлғаның кім екеніне және лауазымына қарамай жүргізілуге тиіс.