https://sputnik.kz/20220214/ministrlik-oqu-zhylyn-uzartu-22773217.html
Министрлік оқу жылын ұзартуға қатысты пікір білдірді
Министрлік оқу жылын ұзартуға қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Binom мектептерінің құрылтайшысы Айдын Рахымбаев аталмыш білім ордаларында оқу жылын 34 аптадан 38-ге ұзарту туралы бастама көтерген болатын 14.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-14T13:18+0500
2022-02-14T13:18+0500
2023-08-09T12:17+0500
білім
мектеп
білім және ғылым министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/17/15543684_0:122:2322:1428_1920x0_80_0_0_6e71ccbab61b0a8bbda4d8cc33347c48.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі оқу жылын ұзарту туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Бұған дейін Binom мектептерінің құрылтайшысы Айдын Рахымбаев аталмыш білім ордаларында оқу жылын 34 аптадан 38-ге ұзарту туралы бастама көтерген болатын. Оның айтуынша, Binom мектептерінің мұғалімдері білім беру жүйесін және алдыңғы қатарлы елдерден артта қалу себебін қайта қарастырып жатыр. Ол Қытай мен Кореяда оқушылардың оқуы 42 аптаға, Сингапурда 39 аптаға созылатынын түсіндірді. Ал Қазақстанда - 34 апта. Яғни, Кореяда оқушылар демалысы 70 күнге созылса, қазақстандық оқушылар 120 күн демалады."Осылайша біз жыл сайын оқудың 1-1,5 айын жоғалтамыз. Сонымен қатар, америкалық ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, балалар ұзақ жазғы демалыс салдарынан өткен барлық материалдың 25%-ін ұмытып қалады. Сондықтан біз оқу жылын кем дегенде 38 аптаға дейін ұзартуды ұсындық. Білім министрлігі бұл бастаманы қолдап, регламент келісіліп жатыр. Биыл Binom мектептерінде пилотты бастаймыз", - деп жазды Рахымбаев Facebook парақшасында.Сондай-ақ, бизнесмен үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес балалардың материалды игеруін жеңілдету үшін пәндер санын азайту керек деп жазды.Рахымбаев премьер-министр каникулды қысқарту бойынша Binom мектептерінде пилоттық жобаны жедел іске қосуды тапсырғанын хабарлады. Ол сәтті жүзеге асырылған жағдайда жоба елдің басқа мектептерінде де қолға алынады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/17/15543684_129:0:2193:1548_1920x0_80_0_0_410ad5e04b4938946863958ca8e647f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, білім және ғылым министрлігі
мектеп, білім және ғылым министрлігі
Министрлік оқу жылын ұзартуға қатысты пікір білдірді
13:18 14.02.2022 (жаңартылды: 12:17 09.08.2023) Бұған дейін Binom мектептерінің құрылтайшысы Айдын Рахымбаев аталмыш білім ордаларында оқу жылын 34 аптадан 38-ге ұзарту туралы бастама көтерген болатын
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі оқу жылын ұзарту туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді.
"Барлық білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты сақтауға міндетті. Жаңа жобаларды енгізу кезінде дәлелдемелер және алдын ала талқылаумен бекітілген ғылыми тәсіл маңызды деп санаймыз. Білім және ғылым министрлігі үшін оқушылар мен студенттердің мүдделері бірінші кезекте тұрады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Binom мектептерінің құрылтайшысы Айдын Рахымбаев аталмыш білім ордаларында оқу жылын 34 аптадан 38-ге ұзарту туралы бастама көтерген
болатын. Оның айтуынша, Binom мектептерінің мұғалімдері білім беру жүйесін және алдыңғы қатарлы елдерден артта қалу себебін қайта қарастырып жатыр. Ол Қытай мен Кореяда оқушылардың оқуы 42 аптаға, Сингапурда 39 аптаға созылатынын түсіндірді. Ал Қазақстанда - 34 апта. Яғни, Кореяда оқушылар демалысы 70 күнге созылса, қазақстандық оқушылар 120 күн демалады.
"Осылайша біз жыл сайын оқудың 1-1,5 айын жоғалтамыз. Сонымен қатар, америкалық ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, балалар ұзақ жазғы демалыс салдарынан өткен барлық материалдың 25%-ін ұмытып қалады. Сондықтан біз оқу жылын кем дегенде 38 аптаға дейін ұзартуды ұсындық. Білім министрлігі бұл бастаманы қолдап, регламент келісіліп жатыр. Биыл Binom мектептерінде пилотты бастаймыз", - деп жазды Рахымбаев
Facebook парақшасында.
Сондай-ақ, бизнесмен үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес балалардың материалды игеруін жеңілдету үшін пәндер санын азайту керек деп жазды.
Рахымбаев премьер-министр каникулды қысқарту бойынша Binom мектептерінде пилоттық жобаны жедел іске қосуды тапсырғанын хабарлады. Ол сәтті жүзеге асырылған жағдайда жоба елдің басқа мектептерінде де қолға алынады.