https://sputnik.kz/20220211/mektep-oqushylary-kanikul-22705127.html
Кейбір мектеп оқушыларының каникулы қысқарады
Кейбір мектеп оқушыларының каникулы қысқарады
Sputnik Қазақстан
Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес балалардың материалды игеруін жеңілдету үшін пәндер санын азайту керектігі айтылды
2022-02-11T11:03+0500
2022-02-11T11:03+0500
2023-08-09T09:58+0500
білім
мектеп
каникул
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1f/17995703_0:0:1500:844_1920x0_80_0_0_46f6bd4e483429f2efa4158b9a1f63a1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан — Sputnik. Binom мектеп желісінің оқушыларының демалысы қысқарады. Мұндай шешімді кәсіпкер, мектеп желісінің құрылтайшысы Айдын Рахымбаев хабарлады.Оның айтуынша, Binom мектептерінің мұғалімдері білім беру жүйесін және алдыңғы қатарлы елдерден артта қалу себебін қайта қарастырып жатыр. Ол Қытай мен Кореяда оқушылардың оқуы 42 аптаға, Сингапурда 39 аптаға созылатынын түсіндірді. Ал Қазақстанда - 34 апта. Яғни, Кореяда оқушылар демалысы 70 күнге созылса, қазақстандық оқушылар 120 күн демалады."Осылайша біз жыл сайын оқудың 1-1,5 айын жоғалтамыз. Сонымен қатар, америкалық ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, балалар ұзақ жазғы демалыс салдарынан өткен барлық материалдың 25%-ін ұмытып қалады. Сондықтан біз оқу жылын кем дегенде 38 аптаға дейін ұзартуды ұсындық. Білім министрлігі бұл бастаманы қолдап, регламент келісіліп жатыр. Биыл Binom мектептерінде пилотты бастаймыз", - деп жазды Рахымбаев Facebook парақшасында.Сондай-ақ, бизнесмен үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес балалардың материалды игеруін жеңілдету үшін пәндер санын азайту керек деп жазды.Рахымбаев премьер-министр каникулды қысқарту бойынша Binom мектептерінде пилоттық жобаны жедел іске қосуды тапсырғанын хабарлады. Ол сәтті жүзеге асырылған жағдайда жоба елдің басқа мектептерінде де қолға алынады.Білім және ғылым министрлігі Sputnik Қазақстан тілшісіне Binom мектептері желісінде ведомствоның мақұлдауымен каникулды қысқарту бойынша пилоттық жоба енгізіліп жатқанын растады.Binom мектептеріBinom мектептер желісі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде салынған. Қазір елордада алты мектеп жұмыс істейді. Оқу орындары мемлекет меншігінде, бірақ жеке серіктес басқаруында болады. Мектептер бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттары негізінде жұмыс істейді. 1-сыныптан 11-ге дейін қазақ және орыс тілдерінде оқытатылады.
https://sputnik.kz/20220210/oqushylar-studentter-oqu-qauly-22683288.html
https://sputnik.kz/20210831/Nur-Sultan-innovatsiyalyq-mektep-17995694.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1f/17995703_188:0:1313:844_1920x0_80_0_0_7ed16b5923334968c864e59701e2493a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
айдос рахимбаев рахымбаев мектеп каникул школа ученики демалыс binom
айдос рахимбаев рахымбаев мектеп каникул школа ученики демалыс binom
Кейбір мектеп оқушыларының каникулы қысқарады
11:03 11.02.2022 (жаңартылды: 09:58 09.08.2023) 34 аптаның орнына Binom мектебінің оқушылары 38 апта оқиды
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан — Sputnik. Binom мектеп желісінің оқушыларының демалысы қысқарады. Мұндай шешімді кәсіпкер, мектеп желісінің құрылтайшысы Айдын Рахымбаев хабарлады.
Оның айтуынша, Binom мектептерінің мұғалімдері білім беру жүйесін және алдыңғы қатарлы елдерден артта қалу себебін қайта қарастырып жатыр. Ол Қытай мен Кореяда оқушылардың оқуы 42 аптаға, Сингапурда 39 аптаға созылатынын түсіндірді. Ал Қазақстанда - 34 апта. Яғни, Кореяда оқушылар демалысы 70 күнге созылса, қазақстандық оқушылар 120 күн демалады.
"Осылайша біз жыл сайын оқудың 1-1,5 айын жоғалтамыз. Сонымен қатар, америкалық ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, балалар ұзақ жазғы демалыс салдарынан өткен барлық материалдың 25%-ін ұмытып қалады. Сондықтан біз оқу жылын кем дегенде 38 аптаға дейін ұзартуды ұсындық. Білім министрлігі бұл бастаманы қолдап, регламент келісіліп жатыр. Биыл Binom мектептерінде пилотты бастаймыз", - деп жазды Рахымбаев
Facebook парақшасында.
Сондай-ақ, бизнесмен үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес балалардың материалды игеруін жеңілдету үшін пәндер санын азайту керек деп жазды.
Рахымбаев премьер-министр каникулды қысқарту бойынша Binom мектептерінде пилоттық жобаны жедел іске қосуды тапсырғанын хабарлады. Ол сәтті жүзеге асырылған жағдайда жоба елдің басқа мектептерінде де қолға алынады.
Білім және ғылым министрлігі
Sputnik Қазақстан тілшісіне Binom мектептері желісінде ведомствоның мақұлдауымен каникулды қысқарту бойынша пилоттық жоба енгізіліп жатқанын растады.
Binom мектептер желісі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде салынған. Қазір елордада алты мектеп жұмыс істейді. Оқу орындары мемлекет меншігінде, бірақ жеке серіктес басқаруында болады.
Мектептер бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттары негізінде жұмыс істейді. 1-сыныптан 11-ге дейін қазақ және орыс тілдерінде оқытатылады.