Қоғам

Белгілі актер Азамат Сатыбалды басшылық қызметке тағайындалды

Азамат Сатыбалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Жазылу
НовостиTelegram
Азамат Сатыбалды бұған дейін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болды
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Танымал кино және театр актері Азамат Сатыбалды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы желідегі парақшасында хабарлады.
"Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды Мұхамедиұлы.
Экс-министр қалың көрермен қауым Азаматты театр және кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген дарыны ерекше өнер иесі ретінде танитынын атап өткен.
Азамат Сатыбалды бұған дейін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болды.

Азамат Сатыбалдының өмірбаяны

Азамат Сатыбалды 1977 жылы Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Көпбалалы отбасында туған. Үйдегі тоғыз баланың кенжесі. 1997 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға қабылданды. 2000 жылы дипломдық жұмысын қорғауға Қостанай облыстық драма театрына жіберілді.
2001 жылы дипломын алып, Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрына жұмысқа орналасты.
"Ағайынды", "Жерұйық", "Ғашық жүрек-2", "Сыныптастар", Қара шаңырақ", "Рэкетир-2", "Үйге апарар жол", "Жұлдыздар тоғысқанда" және тағы басқа көптеген фильмге түсті.
Оқи отырыңыз: Актер Асылхан Төлепов отандық кино саласының былығын әшкереледі
Жаңалықтар
0