НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр — Sputnik. "Жаужүрек мың бала" тарихи туындысы арқылы қалың көпшіліктің жүрегіне жол тапқан Асылхан Төлепов қазір түсірілім алаңында жиі көрінбейді.
Оның айтуынша, қазіргі кино сценарийі сын көтермейді. Актерге ұсынылатын қаражат та өте аз. Асылхан Төлепов Сартай батырдың образын сәтті сомдағанмен, бұл фильмнен соң ауқымды картиналарда көріне қойған жоқ. Бірақ көп ұсыныс түсетінін айтады. Актердің басты талабы – сауатты жазылған сценарий. Бұл туралы ол Revue бағдарламасына берген сұқбатында айтқан.
"Сценарий қалай деп сұрасам, жас бала махаббаттан күйзеліп, ішіп, шегіп кеткен немесе жолы болмай апатқа түсіп, мерт болды дейді. Ол біздің қазіргі қоғамға керек пе, керек емес пе білмеймін. Сол үшін бас тартамын", - дейді актер.
Тағы оқыңыз: Азамат Сатыбалды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті
Төлепов бір фильм желісін ұнатпаса, енді бірі актерге аз төлейді екен.
"Көбінесе фильмге түсуден бас тартамын. Өйткені көп уақыт алады. Соған лайықты қаражат төлемейді. Өз жұмысыңды өзің бағалауың керек қой", - дейді Төлепов.
Саннан гөрі сапаға мән беретін Асылхан "Жаужүрек мың бала" фильмінен кейін толықметрлі екі туындыда ғана бой көрсетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Экранға шыққан соңғы екі фильмім: "Финансист" және көкпар туралы "Время стойких" фильмі. Қырғызстанда "Көк бөрі" деп шығарды. Ол фильмдердің мағынасы, айтар ойы бар", - дейді актер.