Денсаулық

Қандай өнімдерді пісірер алдында жууға болмайды

© Sputnik / Медиабанкке өтукран кухня раковина вода
кран кухня раковина вода - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2022
Жазылу
Суық су дәмді бұзып қана қоймай, сонымен қатар қауіпті бактериялардың таралуына себеп болады
НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Етті пісірер алдында сумен шаймаған дұрыс. Өйткені өнімнің бетінде қауіпті бактериялар болуы мүмкін, олар жуған кезде асүйге шашырап, адамның терісіне түседі.
Зиянды микроорганизмдерді тек жоғары температура ғана жоя алады. Ет пісірер алдында сарапшылар ет шырынын майлыққа сіңіріп алуға кеңес береді. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу керек.
Кейбіреулер жұмыртқа пісірген кезде де жууға дағдыланған, деп жазады РЕН ТВ. Су кір мен бактерияларды жояды деп санайды.
Алайда, мамандар жуған кезде қабығындағы барлық зиянды микроорганизм жұмыртқаның ішіне сіңіп кететінін айтады.
Сондай-ақ, сарапшылар саңырауқұлақтарды ұзақ уақыт жумау керектігін алға тартып отыр. Өйткені олар суды тез сіңіреді. Сондықтан шайып, дереу қағаз сүлгімен сүрткен дұрыс.
Держим себя в руках. Сохранить фигуру на новогодних праздниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Денсаулық
Сарапшылар салмақ тастауға көмектесетін өнімдерді атады
Жаңалықтар
0