Денсаулық

Сарапшылар салмақ тастауға көмектесетін өнімдерді атады

© Shutterstock/FotodomДержим себя в руках. Сохранить фигуру на новогодних праздниках
Держим себя в руках. Сохранить фигуру на новогодних праздниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Артық салмақтан арылуға көмектесетін заттар қатарына алты түрлі өнім кірді. Мөлшерін сақтап, олардың бәрін ас мәзіріне қосқан жөн

АЛМАТЫ, 2 қыркүйек – Sputnik. Сарапшылар қандай өнімді қолдану артық салмақтан арылуға әсер ететінін айтты, деп хабарлады "Пятый канал".

Мамандардың айтуынша, салмақ тастауға қытай қырыққабаты, шпинат секілді көкөніс жақсы көмектеседі. Өсімдік өнімдерінің бұл тобында калория аз болады және зат алмасуды тездететін "жақсы көмірсулар" бар.

Сондай-ақ бұл өнім жасушалардың зақымдануына және инфекциялардың пайда болуына жол бермейді.

Салмақ тастаудың тағы бір тиімді жолы – жұмыртқа жеу. Ол энергия беріп, белсенділікті сақтауға көмектеседі. Құрамында пайдалы аминқышқылдары, антиоксиданттар және ағзаға қажет май бар.

Бұған қоса, мамандар арқан балық (лосось) жиі жеуге кеңес береді. Ол омега-3 май қышқылдарына бай. Холестериннің жиналуына жол бермейді және дұрыс қан айналымына ықпал етеді.

Мәзірге сұлы қосу да пайдалы болады. Ол ақуыз көзі саналады және энергия бөлуге көмектеседі.

Салмақ тастау кезінде айран, йогурт, тұздалған қияр мен ашытылған қырыққабат жеген жөн. Олар ас қорытуға көмектеседі және ішек жұмысын реттейді, асқазанның бұзылу қаупін азайтады.

Диетологтар әртүрлі қоспаларды әзірлеу кезінде қолданылатын спирулинаға назар аударуға кеңес береді. Бұл зат алмасуға ықпал етеді.

Жаңалықтар
0