Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Таразда қару мен оқ-дәрі жасырылған тағы бір қойма табылды

© Sputnik / Тимур БатыршинПатроны
Патроны - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2022
Жазылу
Тараз полициясы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақты іздеу және тәркілеу жұмысын жалғастырып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Тараз полициясы өткен тәуліктерде қару-жарақ пен оқ-дәрі жасырылған бірнеше қойманы анықтады. Оларды жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан адамдар ұрлаған.
10 ақпанда Тараздың құқыққорғаушылары арнайы шара барысында үш жасырын қойма тапты. Олардан екі жүзге жуық оқ-дәрі, жарық-шулы гранаттар, травматикалық және "Макаров" тапаншалары тәркіленді.
"Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері теміржол бойында орналасқан дәмхана маңынан "Макаров" тапаншасын тауып, тәркіледі. Атыс қаруы қара түсті полиэтилен пакетке оралған", - деп мәлімдеді Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, полиция мәліметінше, облыс орталығындағы шағын аудандардың бірінде көпқабатты үйдің жертөлесінен де қойма табылды. Бұл жерден травматикалық тапанша, үш жарық-шулы гранат, автоматқа арналған 31 және тапаншаның 41 оғы тәркіленді.
"Бұған қоса қала аумағынан тыс жерде жерге көмілген қорап табылды. Оның ішінде "Калашников" автоматына арналған 120 оқ-дәрі жатқан", - деді өңірлік полиция департаменті.
Патроны - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2022
Өңірлер
Шопан Алматы маңынан қару жасырылған қойма тауып алды
Қазір тәркіленген қару-жарақ бойынша арнайы сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Жамбыл облысы ПД жасырылған қару-жарақ жайлы ақпарат берген немесе оларды өз еркімен полицияға тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмайтынын еске салды.
Жаңалықтар
0