Өңірлер

Шопан Алматы маңынан қару жасырылған қойма тауып алды

© Sputnik / Тимур БатыршинПатроны
Патроны - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2022
Жазылу
Арсеналды жасырған тұлғалар анықталып, жауапқа тартылады
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Алматының шетінде шопан қару-жарақ пен арнайы оқ-дәрілер салынған жерді тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы Алатау ауданының полицейлері әскери оқ өткізбейтін кеудеше, каска, травматикалық тапанша мен ондаған патрон тәркіледі.

"Біздің бөлімшеге азамат хабарласып “Дархан” ықшам ауданындағы сайда мал бағып жүрген кезінде қару-жарақ арсеналын тауып алғанын айтты. Ақпарат расталды. Жедел-тергеу тобы каска, оқ өткізбейтін кеудеше, Калашников автоматының бөлшегін, 7,62 мм калибрлі 20 патрон, “Беретта” травматикалық тапаншасы, резеңке таяқшалар, “Макаров” тапаншасының 19 патронын және белгісіз травматикалық тапанша тәркіледі", – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Полиция хабарлауынша, қойманың ішінен табылған заттардың меншік құқығы мен шығу тегі анықталатын болады. Арсеналды жасырған тұлғалар жауапқа тартылады.

Жаңалықтар
0