https://sputnik.kz/20220211/nur-sultan-politseyleri-qytay-azamatyna-tiesili-vintovkany-tarkiledi-22718303.html
Нұр-Сұлтан полицейлері Қытай азаматына тиесілі винтовканы тәркіледі
Нұр-Сұлтан полицейлері Қытай азаматына тиесілі винтовканы тәркіледі
Sputnik Қазақстан
Шетелдіктің тұрғылықты жерін тексеру кезінде атылған гильзалар мен винтовканың 22 оғы табылды 11.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-11T20:49+0500
2022-02-11T20:49+0500
2023-08-09T17:16+0500
елорда тынысы
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/561/14/5611402_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_577fcc6df34bb44aadbae546b0be078f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Елорда полицейлері Қытай азаматына тиесілі атыс қаруын тәркіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы барысында вахталық қалашықтың 32 жастағы қызметкерінен тіркелмеген ойық қару пен 12 дана оқ-дәрі тәркіленген. Ер адамның айтуынша, қаруды оған 56 жастағы Қытай азаматы берген.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, 2 000 АЕК-ке (6 126 000 теңгеге) дейін айыппұл салу, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.Ал атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.Айта кетері, "ТОЗ-8м" маркалы аңшылық спорттық винтовка 1932 жылы Тула қару-жарақ зауытында шығарыла бастады.
https://sputnik.kz/20220211/taraz-qaru-qoyma-tabyldy-22717220.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/561/14/5611402_0:0:1920:1440_1920x0_80_0_0_764e9a2060ce1169bf000052ccc141ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қару-жарақ
Нұр-Сұлтан полицейлері Қытай азаматына тиесілі винтовканы тәркіледі
20:49 11.02.2022 (жаңартылды: 17:16 09.08.2023) Шетелдіктің тұрғылықты жерін тексеру кезінде атылған гильзалар мен винтовканың 22 оғы табылды
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Елорда полицейлері Қытай азаматына тиесілі атыс қаруын тәркіледі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы барысында вахталық қалашықтың 32 жастағы қызметкерінен тіркелмеген ойық қару пен 12 дана оқ-дәрі тәркіленген. Ер адамның айтуынша, қаруды оған 56 жастағы Қытай азаматы берген.
"Сонымен қатар шетелдіктің тұрғылықты жерін тексеру кезінде атылған гильзалар мен винтовканың 22 оғы табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген "ТОЗ-8м" маркалы аңшылық спорттық винтовка зауытта жасалған және атуға жарамды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, 2 000 АЕК-ке (6 126 000 теңгеге) дейін айыппұл салу, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.
Ал атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Айта кетері, "ТОЗ-8м" маркалы аңшылық спорттық винтовка 1932 жылы Тула қару-жарақ зауытында шығарыла бастады.