https://sputnik.kz/20220211/alayaqtar-qazaqstandyqtar-ulttyq-bank-22699835.html
Алаяқтар қазақстандықтарға Ұлттық банк атынан хабарласып жатыр
Алаяқтар қазақстандықтарға Ұлттық банк атынан хабарласып жатыр
Sputnik Қазақстан
Алаяқтар Ұлттық банк қызметкерлері екенін айтады. Ал Ұлттық Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен айналыспайды 11.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-11T09:17+0500
2022-02-11T09:17+0500
2022-02-11T09:17+0500
қоғам
алаяқтық
ұлттық банк
https://sputnik.kz/img/07e5/09/05/18045168_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_40dc5009ba6979b0a374fa0b6bd8dea2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан — Sputnik. Телефон алаяқтары оңай пайда табу үшін сенгіш қазақстандықтардың құпия деректерін алады. Олар өздері Ұлттық банк немесе Қазақстан банктері қауымдастығының қызметкерлері екенін айтып алдайды.Ұлттық Банк алаяқтардың мақсаты ақша ұрлау екенін ескертті. Қазақстандықтарға күдікті телефон қоңыраулары мен хаттарға жауап бермеуге және бірден полицияға хабарласуға кеңес берді. Мамандардың кеңесіҰлттық банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен айналыспайды және ақшалай есеп айырысуларды немесе мәмілелерді жүргізбейді. Кеңес алу үшін 1477 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.
https://sputnik.kz/20220210/meyirzhan-torebaev-ayyptaular-22686258.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/05/18045168_84:0:1221:853_1920x0_80_0_0_c0229d34e4b4a75479e6f39cc358c416.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк нацбанк алаяқ мошенник
ұлттық банк нацбанк алаяқ мошенник
Алаяқтар қазақстандықтарға Ұлттық банк атынан хабарласып жатыр
Алаяқтар Ұлттық банк қызметкерлері екенін айтады. Ал Ұлттық Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен айналыспайды
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан — Sputnik. Телефон алаяқтары оңай пайда табу үшін сенгіш қазақстандықтардың құпия деректерін алады. Олар өздері Ұлттық банк немесе Қазақстан банктері қауымдастығының қызметкерлері екенін айтып алдайды.
Ұлттық Банк алаяқтардың мақсаты ақша ұрлау екенін ескертті. Қазақстандықтарға күдікті телефон қоңыраулары мен хаттарға жауап бермеуге және бірден полицияға хабарласуға кеңес берді.
Ешкімге банк картасының нөмірін, жарамдылық мерзімін, артқы жағындағы үш таңбалы құпия кодты, банкингке кіру логиндері мен парольдерін, банктің СМС-кодтарын, өзіңіз және жақындарыңыз туралы жеке ақпаратты хабарлауға болмайды;
Ұялы қосымшаларды орнатуға және телефонмен сөйлесу барысында алынған нұсқаулар бойынша ақша аударуға болмайды;
"Банк қызметкерінен" қоңырау түскен кезде әңгімені созбай, қаржы ұйымының ресми call-center-іне қоңырау шалу керек;
Егер олар ақша аудару керектігін айтып қоңырау шалса, ресми дереккөзден оның мақсатын тексеру керек. Сондай-ақ бұл төлем сізге тиесілі ме екенін тексерген жөн;
Телефон нөмірін көрсетуге және күдікті сайттарда негізгі картаңызбен төлем жасауға болмайды.
Ұлттық банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен айналыспайды және ақшалай есеп айырысуларды немесе мәмілелерді жүргізбейді.
Кеңес алу үшін 1477 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.